Жас ұрпаққа жаңа технология

Жас ұрпаққа жаңа технология

Жуырда Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінен, Астанадан, Та­раздан, Көкшетаудан басқа да қала-аудандардан келген мұ­ғалімдер бас қосып, қазіргі білім беру жүйесіндегі түйткілді мә­селелерді ортаға салды. «Өздігімен оқу технологиясы – бастауыш сынып оқушысын жеке тұлға етіп қалыптастырудың қайнар көзі» деген тақырыпта әңгіме қозғаған бастауыш сынып мұғалімдері бұған дейін бір апта бойында білімдерін жетілдіру мақсатында республикалық курстардан өткен болатын. Республикалық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру орталығы ұйымдастырған курстарда жинақтаған тәжірибелерін мамандар дөңгелек үстел барысында саралап, қорытындылады. Дөңгелек үстел жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясының вице-президенті Әділхан Төлегенұлы Дүйсебек, Білім беру сапасын арттыру кафедрасының меңгерушісі Жан­бо­лат Тұрсынғожаұлы Қайың­баев, басқа да білікті мамандар қатысты.

Қандай зәулім үй салсаң да, оның ір­­гетасы дұрыс қаланбаса, күндердің кү­нінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол се­кілді бала тәрбиелеуде де мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ. Қазіргі кезде еліміздегі орта білім беру ошақтарының жай-күйі, ондағы білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі жиі сынға алынады. Бұған негіз де жоқ емес. Біреулер білімнің сапасыздығына мұғалімдердің материалдық жағдайы әсер етеді десе, енді бірі ұстаздардың жауапсыздығын, оқу­лықтардың сын кө­тер­мейтінін алға тар­тады. Қалай десек те, ұстаздық – киелі ма­мандық. Сондықтан баланы адам ету­дегі оның сіңірген еңбегі – ардың ісі. Ең ба­с­тысы, қазіргі кезде ұстаздар қауымы, ата-ана, бүкіл ел-жұрт болып күш біріктіріп, қайт­сек, еркін ойлы, отансүйгіш ұрпақ тәр­биелейміз де­генді айқындап алуымыз керек. Бүгінде не көп, түрлі-түрлі оқытудың жаңа технологиялары мен үлгілері көп. Алайда солардың ішінен балаға ың­ғай­лысын, керегін таңдау — қиынның қиы­ны. Аталған дөңгелек үстелде қазіргі бі­­­лім беру жүйесіндегі жаңашылдық тұр­­ғы­сында Қазақстанның, Ресейдің бел­гілі білім беру орталықтарының бі­лікті ма­мандары дәріс оқып, өзіндік тә­жі­рибелерімен бөлісті. Осындай жаңа тех­нологиялардың бірі — бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда қолданылатын Мәскеудегі озық білім беру орталығының маманы Людмила Петерсонның әдісі. Ма­мандардың ай­туынша, аталмыш технология ба­ла­лардың ой-өрісін жан-жақты дамытып, психологиялық тұр­ғыдан да өте жақсы ықпал етеді. Сондай-ақ оны басқа да пәндерді оқытуда пайдалануға болады. Осы технологиямен білім алатын балалар алдынан кез болған проблемамен бетпе-бет келгенде, қорықпай, алға мақ­­сат қойып, оны шешуге тырысады. Олар өз­дерінің дегендеріне жеткен-жет­пе­ген­де­ріне көз жеткізіп, өздеріне баға береді.

Наталья Владимировна Новосельцова, курс жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі:
– Қазіргі кезде кез келген мұ­ғалімнен заманауи технология ту­ра­лы сұрай қалсаңыз, олар түрлі-түр­лі әдістерді ойлап тауып, әдемі сөз­дермен жеткізе бастайды. Ал әрбір ата-ана өз баласының мектепке қуа­нып барып, қуанып қайтқанын, құш­тарлықпен оқығанын қалайды. Бә­ріміздің арманымыз – баламыздың жақ­сы азамат болып, достарымен, болашақ әріптестерімен тіл та­бы­­сып, бақытты ғұ­мыр кешкені. Сон­­­дықтан да мек­тептің міндеті – балаға жалаң бі­лім беру ғана емес, оны өмір сүруге бейімдеу. Ал бұ­ған қалай қол жеткізуге болады? Біз­дің елімізде Ресейдегі секілді ба­ланы өздігімен оқу­­ға, әрекет ету­ге үйрететін жаңа технологиялар ор­талығын ашу керек. Осы жерде ұс­таз-ма­ман­дар көкейлеріндегі көп­те­­­г­ен сауалдарына жауап тауып, бі­­­лімдерін, тәжірибелерін жүйелі түр­­­­де жетілдіріп отырса, дұрыс бо­лар еді. Ал әзірге бізде жаңа тех­но­­­логияларды игерген мамандар тап­­­­шы. Жақында мен Мәс­кеуде бі­лі­­­мімді жетілдіріп қайт­­тым. Қазіргі кез­­­­де тәжірибемді басқалармен бө­лі­судемін.

Ой-түйін
Егер мектепте оқитын балаңызға кез келген пәнге қатысты сұрақ қойсаңыз, ол өз апайының айтқанын қайталап береді. Мұғалімнің айт­қанын сәл өзгертіп түсіндіргіңіз келсе, «Жоқ, олай емес, апай былай айтқан», – деп балаңыз бой бермейді. Кейбір мұғалімдер осыны мақтан санайды. Бірақ бала қай пәнде болсын не нәрсеге ғылыми тұрғыда қарап, өзіндік көзқарасын білдіруге үйренуі тиіс. Мысалы, бала есептің апайдың айтқанымен емес, қалыптасқан математикалық амалмен, ережемен шығарылатынын түсінуі керек. Бұл – қазіргі жаңашыл ма­ман­дардың пікірі. Мүмкін жеке тұлға қалыптастыруда бұл да бір керек әдіс шығар. Дегенмен ең бастысы, білім беру жүйесіндегі проблеманы шешпес бұрын оның түбірін, себебін анықтап алғанымыз жөн болар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста