Жастар қалай танысады?

Жастар қалай танысады?

ХХІ ғасырдың жастары күн санап дамып жатқан техниканың тілін жетік меңгергендігі соншалық, интернет желісі арқылы үйде отырып-ақ, дүниенің арғы бетіндегі Американың өзімен қатынас орната беретін болды. Тіпті олар үшін танысудың кілті де осы интернет желісі болып кеткендей.

Бойжеткендер мен бозбалалар бір-бірімен танысу үшін бұрынғыдай жеңгелеріне жүгініп, пошташыны күтіп әуре болмайды. Ғаламторға қосылған компьютерге кірсеңіз болғаны, өзіңізге қажетті ақпараттар да – алақаныңызда, танысуға ниет білдірген жастар да – сонда. Интернеттің дендеп енгені соншалық, шынайы өміріміз виртуалды өмірге айналып бара жатқан тәрізді. Деректер көзіне сүйенсек, Еуропадағы ең ірі «Мамбо» танысу жүйесінде 5 мыңға жуық танысу сайттары мен ірі портал бөлімшелері бар екен. Ал оны қолданушылардың саны 9 миллионнан асып жығылатын көрінеді. Күніне 2 миллионға жуық жандар осы жүйеге кіріп, он-лайн арқылы танысудың беделін арттырып-ақ отыр. Олардың 52 пайызы ер-азаматтар болса, қалғанын ақ жаулықтылар құрайды екен. Жас мөлшері де әртүрлі. 16 жастан 60-қа дейінгілер. Соңғы цифрды көріп, «оларға не жоқ» деп жымиып отырған боларсыз, бірақ осы жастағы «ересектер» де интернет арқылы өз сүйіктісін тапқысы келетін көрінеді.
Міне, жаһандану дәуірінде танысудың барынша тиімді әрі жедел түрі интернет – «жеңгетай» болып отыр. Заманауи үлгідегі ұялы телефондарға да интернет желісі енгізілгендіктен, өз агенттерін құрып, ертелі-кеш телефоннан бас алмай жүрген жандар біздің елімізде де жетерлік. Статистикаға сүйенсек, жеңгеміздің делдалдығын интернетке айырбастап жүрген жастардың саны еліміздегі жалпы интернет пайдаланушылардың 50 пайызына жетіп жығылады екен. Mail.ru жүйесіндегі «Менің әлемім» арқылы танысып, табысып жатқандар да жоқ емес. Қыздың жүрегін баурап, жігіттің жігерін жанитын жылы сөз де іздеп әуре болмайсыз, барлығы дайын. Көздің жауын алар түрлі-түсті суреттерден көз сүрінеді. Тек сайттан жаңылмасаңыз болды. Біз сөзге тартқан жастар да қайда танысатындықтарын жасырмай, бүгінде интернеттің жастар үшін тиімді екенін жеткізді.

Абзал ТАСТАНБЕКОВ, политехникалық колледж студенті:
– Ғаламтордағы «Менің әлемім» арқылы әлемнің кез келген бұрышынан таныс тауып алу түк емес. Олар өздері туралы ақпараттарын, суреттерін де енгізіп қойған. Меніңше, таныстықтың бұл түріне оғаш қарамаған жөн.

Марал Малдыбаева, банк қызметкері:
– Жас келген сайын танысудың қиындай түсетіні жасырын емес. Бұрынғыдай қоғамдық орындарда, көшеде танысудың сәті келе бермейді және оған уақыт та жоқ. Ал интернет болса, еш қиындықсыз бір мезгілде бірнеше адаммен таныс қылып шығарады. Және мен сияқты жұмысбасты жастарға бұл – өте қолайлы тәсіл. Мен үшін ғаламтор арқылы танысқан тиімді.

Диляра БОЛАТҚЫЗЫ, психолог:
– Білікті мамандардың ақыл-кеңесін алу, керекті ақпаратты білу жағынан интернет әлемі – таптырмайтын көмекші. Кейбір жандар ешкіммен бөліспеген сырын, құпиясын виртуалды өмірде жайып салады. Өзімен тағдырлас, көзқарасы ортақ адаммен қатынас орнатып, сырласады. Бірақ мұның да шикілігі көп. Әсіресе танысу бұрышында. Алдымен сіз алданып қалуыңыз мүмкін. Өйткені танысушылардың қатарында отбасылы азаматтар көп. Өзге біреудің суретін орнатып, өзі туралы жалған ақпарат береді де, желіде қыздарға қырғидай тиеді. Кейбіреулер қызық үшін отырып, өзін керемет жандай етіп көрсетеді, сіздің жаныңызға жақын тақырыпта әңгіме қозғап, жүрегіңізге жетеді. Ал ондай адамды өмірде шырақ алып іздесеңіз де, таппайсыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста