Жастық пен сергектік фестивалі

Жастық пен сергектік фестивалі

Ақтауда жұртшылықты елең еткізген жаңа фестиваль өтті. Аты да ерекше,  Аktau Open Fest, яғни қала сені танысын деп аталады екен. Елең еткізген себебі –  көбіміз шетелдік телеарналардан ғана көріп, тамашалап келген стритбол, воркаут, «3х3» баскетбол, паркур және брейк данс сияқты жастыққа тән спорттық шаралар Ақтау көшесіне алғаш енді. Айта кету керек, атын атауға тіліміз әрең айналатын бұл жарыстар шетелдерде көше спорты ретінде қатты дамыған көрінеді.
Бұл шара – Ақтау қаласының – 50, Маңғыстау облысының 40 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған шаралардың бірі. Осы шара кезінде қала тұрғындары граффити шеберлерінің үздік жұмыстарымен де танысуға мүм­кіндік алды.
Сонымен, фестиваль аясында ұйым­дастырылған жарыстың бірі – ерлер арасында «3х3» баскетбол бойынша бірінші чемпионат. Оған еліміздің  Аста­на, Алматы, Атырау, Қостанай, Шымкент, Көкшетау, Ақтау қалаларынан команда­лар қатысты. Әр өңірден үздік команда­лар бас қосқан ойын тартысты өтті.  «Бұл күн қала тарихындағы жарқын әрі қызық­ты оқиға ретінде есте қалатынына сенімдімін. Баскетболдың бірінші қағидасы – берілмеу, ал екінші қағидасы – бірінші қағиданы үнемі есте ұстау. Осындай ұранмен біз өмір сүріп, жұмыс жасап келе жатырмыз. Бүгінгі жарыс өте қызықты өтті. Алаңға шыққан кезде бірден көзге астаналық команданың мықтылығы түсті. Ойынға қатысқан бар­лық жігіттерге алғыс айтамын. Жастарға баскетбол ойнаңыздар, баскетболмен өмір сүріңіздер, сонда ғана жеңіске қол жеткізе аласыз дегім келеді. Қала күні құтты болсын, облысымыз өркендеп, қанат жая берсін», – дейді ҚР баскетбол федерациясы Маңғыстау облыстық филиа­­лының директоры Самсон Ара­келян. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды астаналық «Астана» құрамасы еншіледі. Екінші орыннан алматылық «Ритм» құрамасы көрінсе, үшінші орынға алматылық «Ураган» құрамасы көтерілді.
Ал жастар арасында өткен брейк дансқа  ресейлік  B-Boy Аddu қазылық жасады. Ауа райының ыстығына қара­мас­тан, жастар көп жиналды. «Мен өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен жастарға таңғалып әрі  риза болып отыр­мын. Дайындықтары тамаша, бірінен бірі асып түседі. Осындай жарысқа төрелік жасауға шақырылғаныма риза­мын.  Жарысқа қатысқан талантты жас­тар бұрын-соңды мен көрмеген қимыл-қозғалыстарды көрсетіп жатты. Меніңше, олар үлкен додаларда да Қазақстанның намысын қорғап, жүлделі орыннан көріне алады. Маған әсіресе Абай, Аделя, Михаил, Дурасель, Эр-Мекс, Сикошаның өнерлері қатты ұнады», – дейді бізбен тілдескен B-Boy Аddu.
Байқаудың екінші күнінде ерекше биімен көзге түсіп, көрерменнің қол­дауы­на ие болған 16 жас өнер көрсетті. Жарыстың жанашыры әрі  ұйымдасты­рушысы республикалық Break Dance феде­­рациясының жетекшісі Мария Гусей­нова­ның айтуынша, өнердің бұл түріне ден қойған жастар Ақтау қаласын­да жыл санап көбейіп келеді екен. «Мұ­ның өзі – үлкен жетістік. Өйткені халықа­ралық деңгейде өткізілетін жарыстарға да облыстың намысын қорғап қатыса алатын жастардың болуы керек. Өз басым бүгінгі жарысқа қатысқан жас жағынан ең кіші биші Аделяның өнеріне тәнті болдым. Жастар бос уақытын текке өткізбей, спортпен айналысып, би биле­се, оның өзі денсаулыққа пайдалы ғой», – дейді М. Гусейнова.
Фестиваль күндері BigSom, Skif, AidarBMM, Morriso'n StelsTravoltah, BroMetis сияқты жастар арасында кеңінен танымал рэп орындаушылардың қатысуымен концерт өтті. Фестивальдың хедлайнері ретінде ресейлік лейбл әртісі Black Star inc. – L'One мен италиялық SonPascal да өнер көрсетті. «Көрермен­дерге жақсы көңіл күй сыйлауға тырыс­тым. Бүгінгі кеште жастардың арасында кеңінен танымал Tattoo, Вonny&clyde, «Все танцуют локтями» шығармаларын орындадым. Осындай кең ауқымда ұйымдастырылып жатқан фестивальға қонақ ретінде шақырылып, өнер көрсет­кенім үшін өте қуаныштымын. Барлық қала тұрғындарын, қонақтарды әсем қала Ақтаудың төл мерекесімен құттық­таймын. Мен бұл қалаға осымен төртінші мәрте келіп тұрмын, қала маған қатты ұнайды», – дейді Black Star inc. - L'One.
Спорт – денсаулық кепілі. Ол өскелең жастарымыздың нашақорлық, ішімдік, жастар арасындағы қылмыс, бұзақылық тәрізді жаман әдеттерден аулақ болып, жас өмірлерін қызықты да көркем етіп өткізіп, салауатты өмір салтын сақтауға қалыптастырады. Осылай деп ой түйін­деген облыс басшысы Алик Айдарбаев фестивальдан кейін осы шараны өткізуге мұрындық болып жүрген облыстық баскетбол федерациясының директоры, музыкант, репер Самсон Геворгович Ара­келянды және ҚР баскетбол федерация­сы­ның президенті Абай Әбдісаматұлы Алпамысовты қабылдады.
– Бұл жобаны одан әрі  дамытып, Ақтау жастарының өмір салтына енгізуі­міз керек. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Мұнайлы  аймақта көше баскетбо­лын, спорттың тартымды түрлерін дамыту, дамытып қана қоймай, оны жасөспірімдерді қызықтыратындай жүйелі түрде, дұрыс насихаттауымыз қажет. Міне, сіздер осындай игілікті істің бастаушысы, көшбасшысы болдыңыздар және фестивальдің өте жоғары дәрежеде өтуіне, жастардың мазмұнды демалуына күш салдыңыздар. Бұл біз үшін ең маңыз­ды!», – деді Алик Серікұлы өз сөзінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста