Зәулім үйін сатқан Жахан Отарғалиев 400 мың теңгеге пәтер жалдап тұруда
Жахан Отарғалиев ипотекаға, несиеге де қарсы. Жақында зәулім үйін 65 миллионға сатқан актер қазіргі уақытта пәтер жалдап тұруда. Ал болашақта үйді тек қолма-қол ақшаға немесе бөліп төлеуге алмақ. Отарғалиев үстеме қосатындардан бойын аулақ ұстайды.
Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің ең жек көретін адамдарым қазір – риелторлар. Жек көрем мен сендерді! Шынымен де әркімнің өзінің жұмысы ғой. Бірақ шамадан тыс үстеме сұрайтындарды түсінбеймін. Ұзақ іздеп жүріп, үй иесінен алдық, яғни риелторсыз. Сол айына 400 мың теңге төлеп, пәтерде тұрып жатырмыз", - деп ағынан жарылды ол.
Жұлдызды жұп алдымен асқақ армандарына жетуді көздейді. Ал баспана алуға әзірге асықпайды.
Аша Матайдың толық кездегі суреті қызу талқыға түсті
"10 жыл бала сүйе алмадық": Әсел Асқар түрік азаматына не себепті жүзік сыйлады?
Концерттері шегеріліп, тойлары тоқтаса да, дубляждағы мансабы жүріп тұрған жұлдыздардың бірі – Қайрат Әділгерейдің несиеге жүгінген кездері болған екен. "Бірақ оған бүгінде қажеттілік жоқ", - деген Қайрат: "Адам өз қауқарын өзі біледі ғой. Көтере алмайтын шоқпарды белге байласа, әрине қарызға батады", - дейді.
"Үкімет тарапына айтар әңгімем, кішкене халыққа ыңғайлы қылып, мына пайыздық жағын төмендету керек. Еуропадағыдай 3-8 пайыздың аралығында. Бізде білесіз ғой 23, 29, 19,17. Тіпті 60 мың доллар алатын болсаң кредитке, оны сен 172 мың қылып қайтарасың. Бұл масқара ғой! Сондықтан да осы жағын кішкене қарастырса?! Былайша кредит, ипотека деген өте қолайлы дүние", - деді ол.