Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш үйленді (видео)
Қазақтандық актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш некесін қиды. Сүйінші жаңалықты Балжанның өзі хабарлады.
Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген еді. Әнші мен актердің кездесіп жүргенін болжағандар табылды. Алайда Балжан Бидаш бұл ақпараттың жалған екенін айтып, теріске шығарды. Ал бүгін сүйінші жаңалығын жеткізді. 
"Бізді құттытықтай беріңіздер. Біз некемізді қидық. Бұл пранк емес, Стамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей ИншАлла", - деп жазды Балжан Бидаш желіде. 
Жахан Отарғалиев Балжанмен қыз-жігіт болып ұзақ кездеспегенін айтты. 
"Біз негізі кездескен емеспіз. Мен оны сырттай ғана танып жүрдім", - деді Отарғалиев. 
"Ал құттықтасаңыздар болады, жанашыр достар. Жүрегім, Аллах отбасымызға береке берсін", - деп жазды актер.
Жел қолданушылары үшін бұл тосын жаңалық болды. Олар әлі де таңғалысын білдіріп жатыр.
"Әлі сене алар емеспін. Мүмкін жай ғана ақпарат шығар, тағы әзіл шығар", "Сіздер үйленеді деп ойламаппын", "Жахан басқа қыздармен, сіз басқа жігітпен кездесіп жүр едіңіздер ғой", "Бақытты болыңыздар, бірге жарасып тұрсыздар", "Неке мәңгілік болсын, бастысы сезім суымасын", "Мәңгілік махаббат тілеймін. Жаханның анасына келіні ұнаса болды", - деп жазды олар.