"Жедел жәрдем" - жаңа отандық телехикая

"Жедел жәрдем" -  жаңа отандық телехикая

2014 жылдың 9 сәуірінен бастап, сағат 21.50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Жедел жәрдем» атты жаңа отандық жаңа телехикая көремендерге жол тартады.  «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызының айтуынша, жаңа телехикая – қазақстандық денсаулық сақтау саласының заманауи жетістіктері мен дәрігерлердің күн сайынғы ерліктері туралы.
Оқиға желісі айықпас жүрек ақауынан  алты жасар қызы операция үстелінде көз жұмған ерлі-зайыпты Ілиясовтардың ымыраға келмейтін  күрделі қарым-қатынасы арқылы өрбиді. Олар басқа түскен ауыртпалықты бірге көтеруге қауқарсыздық танытады. Сол күйі олар өзекті өртеген өкініш, кінәлау сезімі, бір-біріне наразылық пен қыздарын құтқарып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істей алмаған шарасыздық ауыртпалығынан арыла алмайды... Сондықтан да Алма жүрек ақауынан зардап шеккен бөтен қыз баланы асырап алғысы келеді. Бұл ұсынысқа Ермек үзілді-кесілді қарсы болады. Ал, шынтуайтында, Ермек бұрынғы жарын баяғыша сүйеді, сондықтан да, қайғылы оқиғаның қайталанғанын қаламайды. Осындай шиыршық атқан күрделі сезім  мен эмоция сырқа шыққан сайын, көрермендердің көңіл толқынысын тудырып, оларды оқиғаға бей-жай қалдырмайды. Өткен өмірі, қайғысы ортақ ерлі-зайыптылар сан түрлі сынақтан өтеді. Бірақ, ақыр-соңында асырап алғысы келетін қыздың өмірін сақтап қалған  олар, бір-бірін  кешіре ала ма? Оқиғаның қалай өрбитінін білгіңіз келсе, «Қазақстан Ұлттық арнасынан 9 сәуірден бастап, сағат 21.50-де «Жедел жәрдем» телехикаясын тамашалаңыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста