"Жер қылды": Анна Данченко ата-енесінің қалай кемсіткенін айтты

"Жер қылды": Анна Данченко ата-енесінің қалай кемсіткенін айтты

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко басынан өткен сәтсіз махаббат хикаясымен бөлісті. Армандаған азаматын жолықтырғанына кәміл сенімді болған ақпарат өкілі оның ата-анасына мүлдем ұнамай қалған. Олар алғаш кездесудің өзінде бойжеткенді жерден алып жерге салып, барынша кемсітуге тырысқан. Белгілі журналист аталмыш жағдайға қатысты Instagram желісінде арнайы жазба жариялап, мән-жайды баяндадыдеп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Анна Данченконің айтуынша, ғашығының анасына бірден оның ұлты ұнамаған. Оған қоса, келіншек ұлының таңдауы қарапайым ауылдың қызына түскеніне мүлдем риза болмапты. Алайда, тележүргізуші бұл жағдайда сүйіктісі өзін жақтап шыға алмағаны оған аса ауыр тигенін жеткізді.


"Мені төмендетсе де, рухым түскен жоқ. Осыдан жеті жыл бұрын алматылық жігітпен араласып жүргенімді айтқанмын алдында. Өзі қазақ, өте білімді, сауатты. Ер адамның бойындағы маған ұнайтын барлық қасиеті болды онда, тек. Менің ұлтымды ұната қоймаған анасына мені жақтап ештеңе айта алмағаны өкінішті. Тіпті ата-анасымен танысқан сәтте олар менің "қаланың қызы емес, ауылдан шаққанымды да жақтыра қоймады" , - деп жазды Анна Данченко.

 

Сонымен қатар, белгілі журналист ғашығының ата-анасы оны пәтері мен көлігі бар баласының байлығына қызықты деп сөгіп тастаған.

 

"Әке-шешемнің қанша зейнетақы алатынын сұраған кезде жүрегім ауырып кетті. Оған қоса, мені пәтері мен көлігі бар ұлының ақшасына қызықтың деп айыптап, көпшілік алдында жер қылды. Шыдадым. Қыз баламын ғой, анам үлкен кісілерге сөз қайтармау керектігін де үйретті. Үндемедім. Тыңдап отырдым.
Маған тіл тигіссе, жарайды, қиындықты көп көрген ата-анам жайлы сөз қозғағанда шыдай алмай: "Жақсы, рахмет асыңызға", - деп орнымнан тұра бастағанда: "Сен қазақша білеуші едің ғой, қазақша тілек айт", - деп мысқылдап айтқанда, балабақшадағы бала құсап ортаға шығып айттым тілегімді. Және ол сол отбасымен менің соңғы кездесуім болды" , - деді ол.

 

 

Анна Данченко бұл кездесу өзі үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Ол бұл оқиғадан кейін ер адамдарға деген көзқарасы өзөгергенін алға тартты.

 

"Иә, мен ауылдың қызымын, жоқшылықта өссем де, адами қасиеттерді жоғалтпаған жанмын. Ата-анама мың алғыс. Мен біреудің дүниесіне ешқашан қызыққан емеспін, қызықпаймын да. Мен үшін адамның еңбекқорлығы, сөзімен ісінің тазалығы маңыздырақ. Осы жасқа келіп түсінгенім, жетістікке жету үшін Аллаh алдымен сынақтан өткізеді екен.
Оны көтере алатын да, көтере алмайтын жандар да бар. Егер сіздердің өмірлеріңізде дәл қазір қиын жағдай болса - сабыр етіңіз, бәрі уақытша. Жақсы күндердің алыс еместігін есте сақтаңыз. Көпке солай көрінгенімен, әр адамның өмірі "бал мен қаймақ емес". Бірақ еш жағдай сіздің рухыңызды түсірмесін" , - деп жазды ол.

 

 

Қызығы, тележүргізушінің бұрынғы махаббаты оның үйі мен көлігі бар екенін естіп, арада жеті жыл өткеннен кейін қайта хабарласқан

 

"Енді 7 жыл өтіп, үйімнің де көлігімнің барын естіген ол қайта хабарласты. Өткен-өткен. Тек сол сәт еске түсіп кеткені болмаса, бәрі, шүкір, жақсы" , - деп қайырды ол.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста