Жерасты мешіті абаттана түспек

Жерасты мешіті абаттана түспек

Халқын дінге, білімге шақырып, «Пір Бекет» атанған Бекет Мырзағұлұлының туғанына биыл – 260 жыл. Мерейтой қарсаңында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Маңғыстаудағы «Бекет ата» жерасты мешіті қайта қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіле бастады. Аймақтағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ғылыми кеңес мүшелері жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бекет Мырзағұлұлының денесі Оғыландыдағы жерасты мешітіне жерленген. Бұл – оның көзі тірісінде салған төрт мешіттің соңғысы. Мұнда Бекет ата өмірінің соңғы сәттерін өткізіп, науқас адамдарды емдеген. Қазақстан сәулет өнерінде өте сирек кездесетін ескерткіш 70-жылдары мемлекеттік қорғауға алынған. Сол уақыттан бері мешітке бір-ақ рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жауын-шашын мен аңызақ желдің әсерінен бүгінде ескерткіштің қабырғалары мүжіліп, кейбір тұстары құлаған. ХVIII ғасырға тән жерасты мешітінде жөндеу жұмыстары үш кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен құлағалы тұрған тастарды тіреу жұмыстары қолға алынған.

– Құрылыс жұмыстарына табиғи материалдарды пайдалануға тырысып жатырмыз. Сондай-ақ түр-түсін жер рельефіне, ландшафтына келтіру, бастапқы кейпіне ұқсатып жасау – біздің басты міндетіміз, – дейді «Маңғыстауреставрация» МКК директоры Құралбай Озғанбаев.
 
Мешіт ақ бор тасты тау шатқалының тереңірек қабатынан ойып жасалынған. Төрт бөлмеден тұрады. Бұл маңда кезінде Бекет атаның өзі пайдаланған бұлақ, құдықтар бар. Сонымен қатар қыр басынан ескерткішке қиялап түсетін жалғыз аяқ жол түскен. Алдағы екі айда осы жерлердің барлығы қалпына келтіріледі. Аталған жұмыстарға жергілікті қазынадан 37 миллион теңге бөлініп отыр.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Майра Ғұмарованың айтуынша, жерасты мешітіне келушілер өте көп. Мысалы, кейбір күндері бір келгенде 1000 адамға дейін келіп-кетіп, түнеп, зиярат ететін күндер болады. Сондықтан енді қазір облыс әкімдігі, облыс басшылығы «Бекет атаның» басына халықтың келуіне жағдай жасау, абаттандыру мәселелеріне қатты көңіл бөлмекші. Жерасты мешітіне зиярат етіп келушілер мен саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін 103 шақырымдық «Қызылсай-Шопан ата-Оғыланды» автожолы салынып жатыр. Бұрынғы тік қыраттар мен биік асулар тегістеліп, жеңіл көліктердің жүруіне мүмкіндік жасалады. Жобаға республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста