«Жерұйық» көрем десең...

«Жерұйық» көрем десең...

«Егер сол ауылдың бір жұтым қара суы, Орынбай ағаның қас-қабағы болмаса, мен ол тұсты ит-құс құтырған заман дер едім». Аза бойың­ды қаза етерлік қобыздың зарлы үнімен кадр сыртынан осы сөздер оқылды... Танау­дан шыққан леп буға айналып үлгірмей, мұз боп қататын шы­ңылтыр аяз бен белуардан келер қалың қарда шаңғымен әупірімдеп бір қарт кісі келеді. Ымырт үйріле бастаған кез. Әлі қарасы көрінбейтін ауылға күн батқанша жетіп үлгерейін деп ақсақал асығып келеді. Қалың қар мен саршұнақ аяз­дың болдыртқаны аздай, ке­нет дәл желке тұсынан ұлыған дауыс естілді. Сөйткенше бол­ған жоқ, екінші, үшінші тұстан ұлыманың үнінен құлақ тұ­нып, дем арасында қария қорқаулардың қоршауында қалды. Жан-жақтан анта­ла­ған қасқырға жем болар ма еді, сол тұста қалтасынан оттығы табылмағанда. Бұл – кейін қатыгездіктің ызға­ры­нан, саясат атты қорқаудың қоршауынан талай жазықсыз жандарды құтқарып, кең құ­шағына сыйдырған Қазақ деген халықтың прототипі Орын­бай ақсақал еді.
Тәубе, режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмін көргеннен кейін қазақ­­тың рухы көтеріліп қалатын болды. «Адам­заттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөзі біздің елдік ұстанымымыз екенін режиссер дөп басып, киноның эпиг­ра­фына ұтымды қолданған.
Сламбек ТӘУЕКЕЛ, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер:
– Көпұлтты ел екеніміз белгілі бол­са-дағы, осындағы әр ұлттың бізге қа­шан, қандай жағдайда келгені, қалай өсіп-өнгені жайлы екінің бірі біле бер­мейді. Әсіресе жас ұрпақ. Қазақ хал­қы­ның толеранттылығы, халықтар бір­лігі  жақсы  дегенмен, ұлтаралық қаты­нас де­ген – өте нәзік ұғым. Бұл ретте, қа­зақ­­тың шыдамдылығы, қазақтың бол­­мы­сы­ның кеңдігі дәл бір осы көп­ұлтты мем­лекетке жаралған сияқты. Бұл фильм­де біздің көрсетуге тырыс­қа­ны­мыз өз басына түскен нәубеттерге қа­ра­мастан, 1931-32 жылдардағы ашар­шылық, оның соңын ала бере 37-ші жыл­ғы репрессияға қарамастан, қазақ­тың өзге халықтардың қиыншылығын тү­сініп, өзімен бірге бөлісе білгенін көр­сетуді көздедік. Осы фильмнің сце­нарийін жазған Лаврентий Сонның өзі жер аударылған кәріс ұлтының өкілі, өзі елімізге сол бір 1937 жылдың қысында келіпті. Сол ызғарлы суықта заманның қытымыр аязынан құтқарған қазақтың берген бір жұтым суы әлі есінде екенін айтады.
Ыстық су – қазақтың ыстық құшағы
Кинода бір кесе суды ыстық қылып беруінің өзі – қазақтың ыстық құшағын аң­ғарт­қандай. Кеңестің жандайшаптары аң­ғал халыққа әдейі «адам жегіштер келеді» деп үркітіп, егер біреу қол ұшын созар бол­са, оңбайтынын айтып ескертеді. Шаш ал десе, бас алатындардан қорқып қалған ха­лық шынында жеріне жат біреулер кел­ген­де азып-тозған бала-шаға, шал-кемпірді ая­ғанымен, көмектесуге батылы бармайды. Сол тұста басын қатерге тігіп, топ ішінен суы­­рылып шыққан колхоз төрағасы Орын­бай ақсақал болды. Осы рөлді ре­жис­сер Сламбек Тәуекел әу бастан-ақ ак­тер Болат Әбділмановқа арнап жазып­ты.
Болат ӘБДІЛМАНОВ, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– «Жерұйықтағы» Орынбай ақсақал рөлі – Даланың академигі деп айтса бо­ла­тындай қазақтың қазыналы бір қар­ты. 1937 жылдың нәубетін ауылдағы қа­рапайым адамдардың тағдыры ар­қы­лы көрсететін бұл тарихи туынды өзі­ме ерекше әсер етті. Бүгінде, мәселен, ел ішінен бөлініп, «жер біздікі» деп бү­лік шығарып жатқан ағайындар сол бір кездері өздерінің қазақ жеріне қандай күйде келіп, қазақтың оларды қалай құтқарып қалғанын білмегендіктен іс­теп  жатыр. Ал шығарманың авторы жа­зу­шы Лаврентий Сон осы шығарманы жа­зуды өмір бойғы өзінің мақсаты санапты.
Шығарма әуелі тек кәріс халқының та­ри­хы жайлы жазылса керек. Алайда ки­но­сце­нарийді жазу барысында оның біршама ау­қымын кеңейтіп, елімізге шоғырланған түрлі ұлттар, кәрістер, түрік, күрд, шешен, не­містердің қалай келгенін, келгеннен кейін жерге, елге қалай сіңгенін қамтуды ұй­ғарыпты. О баста қазақ жеріне кәрістерді өлімге жібергенімен, біздің жерден олар өмір тауып, сондай-ақ күріш ша­руа­шы­лы­ғын дамытқаны фильмде шебер көрініс та­бады. Ал неміс, еврей халқының саяси айыпты болып, жерімізге қуғындалып кел­ген көзі ашық зиялылары музыка пәнінен беретін мұғалім, енді бірі есепші болып, өз пайдасын тигізгені шындық. Фильмде ол да қамтылған. Тағы бір тарихи жайт – осы уақытқа дейін теңдесі жоқ, бүкіл әлем пай­да­ланатын Калашников автоматын дүниеге әкелген автор, яки Калашников осы қазақ же­рінен шыққанын фильмді көрген жұрт біле жүретін болды. Алматы облысы, Тал­ды­қорған қаласына қарасты Матай стан­сы­сында тұрған Калашниковтың ең алғаш қаруды ой­лап тапқан кезде көрген қиын­ды­ғы, қоғам­ның түсінбестігі кинода жақсы көр­­се­тіледі.
Рөлдерде де еліміздің кілең мықты театр және кино актерлері: Орынбай ақ­са­қал – Болат Әбділманов, жұбайын – Назгүл Қарабалина, кеңестің қолшоқпары, пария бұйрығын орындауда тіпті өз ұлын ұстап берген Жылқыбайды – Нұрқанат Жақып­бай, күріш тұқымын ала келген кәріс, басты кейіпкер Петр Пакті – Эдуард Пак, Ти­тель­баум­ды – Яков Ломега, ал Жылқыбайдың өз қолымен ұстап берген ұлы Теміржанды белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов сом­дай­ды. Сондай-ақ Дулыға Ақмолда, Ерлан Біләл сынды белгілі актерлер эпизодтық рөл­дерді жандыра түскен.

Ескі көше, көне көліктер мен кө­не ғимараттар барлығы тура сол за­манды көз алдыңа келтіретін ки­но­ны түсіруге барлығы үш миллион дол­­ларға жуық қаржы жұмсалыпты. Аз да емес, көп те емес, есесіне, кө­рер­менге сыйлар әсері, тарихқа қо­сар үлесі зор, сондай-ақ кассаның да бүйірін бұлтитуы бек мүмкін. Фильмнің тұсаукесері 30 мамырда Ас­танадан бастау алып, Алматыда 1 маусымда өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста