Жетісу жерін Жамбыл мен Сүйінбай әндерімен әлдилемек

Жетісу жерін Жамбыл мен Сүйінбай әндерімен әлдилемек

Қазанның 7-сі кешкі сағат 18.00-де Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде жас та болса, өнерде өз соқпағын салып үлгерген дәстүрлі әнші Ләззат Жанаманованың жеке шығармашылық кеші өтеді. Жетісу өңірі ақындық мектебінің көш басында аталатын Сүйінбай, Жамбыл ақындардың әнін нақышына келтіре орындауда бүгінгі буын өкілдері ішінен ел-жұрт мойындаған жас әншілердің бірі – осы Ләззат Жанаманова.
«Негізінен үш бөлімде өтеді деп жос­пар­ланып отырған бұл кеш  шығармашылық кештен гөрі, есеп беру концертіне көбірек келеді», – дейді әншінің өзі. Консервато­рияны бітіргеніне жетінші жылға аяқ бас­қан Ләззаттың ең алғашқы ән кеші сол диплом алған 2004  жылы Жамбыл Жабаев атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік филармония­сында өткен.
Ләззат ЖАНАМАНОВА:
– Қанша дегенмен, албырт шақ, әлі оң мен солды толық танып үлгер­ме­­ген­діктен де болар, ол кезде «концер­­тімді былай өткізсем  деген­нен гөрі, былай өткізейік деген ұйым­дас­тыру­шылардың ықпалында кету­ші­лік басым болды. Сондықтан осы концер­тімді мен екі жыл бойы ойлас­тырып, армандадым десем болады.
Ә дегеннен-ақ сахнаны оркестрмен жан­ды дауыста ән салумен ашатын Ләззат­тың орындауында халық қандай әндерді тыңдайды дегенге келсек, көбіне біреудің қолқа салғанынан гөрі, әнші өз жанына жақын әндерді сүйіп орындайды және оны көрермен, тыңдар­ман жүрегіне жеткізе алады. «Мен өзімнің сондай әндерімнің бірі деп Ахмет Байтұр­сыновтың «Аққұмын» атар едім. Сондай-ақ Жарылғапбердінің «Ардағын», Майра­ның «Толқымасын», Ғазиздің әні «Ғазиз» деген бар, екі нұсқа, соның екеуін де сүйіп орындаймын», – деп жауап берді. 
Концерттің екінші бөлімінде әнші Жам­был мен Үмбетәлі бабаларымыздың айты­сынан үзінді көрсетсем деп жоспарлап отыр­ғанға ұқсайды. Онда Жамбылдың кезегін Ләззат Жанаманованың өзі бүгінгі таңда қызмет ететін Алматы облыстық филар­монияның әншісі, өнердегі әріп­тесі Бейбіт Мұсаев  орындаса, Ләззат Үмбе­тәлінің айтысын орындамақ.   Неге дәл осы Жамбыл мен Үмбетәлінің айтысы дегенге келсек, бұл бұрын-соңды еш жерде орындалмаған, ұстаз бен шәкірттің арасын­дағы әдемі әзілге құрылған  айтыс болса керек. Қызықты болғандықтан, жұртшы­лық­ты жалықтырмайды деп күтілуде. Ра­сында, көбіне концерттерде айтыс беріле бермейтінін ескерсек, аталған кештің бұл да бір ерекшелігін осы тұстан аңғаратын секілдіміз. Ал үшінші бөлімде эстрадалық әндерге кезек беріледі. Кеш қонақтары арасында есімдері елімізге белгілі біршама эстрада әншісі болады деп жоспар­ла­нуда.

• Әншінің анкетасы
Ләззат Жанаманова – дәстүрлі әнші.
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Жаңа құрылыс ауылында дүниеге келген.
1996-1999 жылдар аралығында Ж.Елебеков атындағы Қазақ эстрада және цирк колледжінде белгілі әнші Рамазан Стамғазиевтің сыныбынан дәріс алған.
2000-2004 жж. Қазақ ұлттық консер­ватория­сының халық әні кафед­расын домбырамен ән айту мамандығы бойынша тамамдаған.
Арқа мен Жетісу мектебі әндерін орындаушы. Репертуары халық әндерімен қатар, жекелеген композиторлардан Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, Сейітжан салдың  әндерінен және Жамбыл мен Сүйінбай әндерінен тұрады.
Халықаралық  Жамбыл сыйлығының лауреаты.
Бүгінде Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның әншісі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста