Жетпіске келген кезінде де Абылайдан кәріліктің белгісі көп байқалмаған

Жетпіске келген кезінде де Абылайдан кәріліктің белгісі көп байқалмаған

Оразақ ЫСМАҒҰЛҰЛЫ, антрополог ғалым:

Рудаки, Иван Грозный, Ақсақ Темір, Ұлықбек, адмирал Ушаков сынды көптеген тұлға бейнелерінің Михаил Герасимов әдісімен ре­кон­струк­цияланғаны жұрт­шы­лыққа аян. Аты аңыз­ға айналған ұлы ханда­ры­мыздың бірі – Абылай­дың мүсіндік портреті де осы қатарды толықтырып тұр. Осыдан 15 жыл бұрын елі­міз­де алғаш жасалған бұл ре­кон­струкцияның бастама­шы­сы – антрополог ғалым Оразақ Ысмағұлов. Белгілі ғалыммен әңгімеміз хан бей­несін қалпына келтіру жұ­мыстары барысында абылай­тану ғылымына қан­дай құнды мәліметтер қосыл­ған­дығы жөнінде өрбіді.

– Оразақ аға, осыдан талай жыл бұ­рын тарихымызда тұңғыш рет Абылай хан бейнесіне реконструкция жаса­ды­ңыз. Жалпы, монолит түрінде алынған сүйекте «Бұл – Абылай ханның денесі» деп тұжырым жасауға негіз боларлық­тай қандай айрықша белгілер болды?
– Тірі кезінде Абылайдың бейнесіне қан­дай анықтамалар берілгендігін білу үш­ін біз ол туралы әдебиеттерді, аңыздар­ды жинауға мәжбүр болдық. Сондай де­рек­көздердің бірінен білгеніміз, орыстың Брехов деген капитаны сол кезде Орта Азия және Қазақстан жерінде барлаушы болып істепті және Абылай ханның қайтыс бола­рынан төрт жыл бұрын оның алдында бол­ған екен. Соның жазбасына қарасақ, «Абылай ханның бойы биік емес, бірақ жасы ұл­ғай­са да, дене қимылы жеңіл» деген жер­лері бар екен. Бұл – оны тікелей көр­ген адам­ның айтқан сөзі. Біз сараптаған сүйек­тің ұз­ындығы да небәрі 164 см, яғни бой­шаң адамдікі емес. Сосын Қазаннан 1912 жылы шыққан кітапта Абылай хан­ның аузында тісі жоқ екені жазылған. Ал кей­бір әде­биеттерде оның жілік майын жақ­сы көр­гендігі айтылыпты. Тісі жоқ адам­ның ас­қазанына, әрине, жілік майы жеңіл әрі жұғымды болады. Біз зерттеген бас сүйе­гінде де бір тіс кездеспеді. Абылай 50-ден аспай жатып бүкіл тісінен айырыл­ған. Со­ның нәтижесінде қызыл иегі түгел­дей мүжі­ліп, тіс шұңқырлары тегістеліп кет­кен. Сон­дай-ақ оның жаралы болғаны көп­теген де­рек­те көрсетілген. Бірақ нақ­ты қай жері­нен жарақат алғанын ешкім айт­пайды. Іссапармен Қы­тайға барып, дерек жи­на­ға­нымызда Абылай ханның ая­ғы­нан жа­ралы болғанын анық­тадық. Сүйек­те де сондай бел­гі болды. Тарихи жаз­ба­ларға жү­гін­сек, 1756 жылы Ертіс өзе­ні­нің бойында Син армиясымен со­ғы­сып жүріп, Абы­лай­дың санынан жараланғаны ай­ты­лады, ол кезде жасы 45-те болған. Бұған сынықтың өзі дәлел болып отыр. Өйт­кені жасы 50-ден асқан адамдардың ондай сы­нық­тары сүйек сүйелімен бітпейді, жай ғана қабысады. Міне, ос­ындай ер­ек­шеліктеріне қарап, мо­но­литтің ішінде жатқан сүйектің Абылайдікі екендігін жан-жақ­ты дәлелдедік.
– Сіздіңше, Абылайдың тісінен айырылуына не себеп болуы мүмкін? Сон­дай-ақ хан сүйегінен тағы қандай ерекшеліктер байқалды?
– Кім біледі, мүмкін, пародонтоз ауруына шалдыққан болар. Әйтеуір, не жо­ғар­ғы, не төменгі бірде-бір тісі болмапты. Осыған орай құрдастарының қалжы­ңдап, «қызыл иек», «опырық» деп атағаны да кей­бір жазбаларда, ауыз әдебиеті шы­ғар­маларында кездесіп қалады. Былайынша, 70-ке келген кезінде де Абылайдан кә­рі­ліктің белгісі көп байқалмаған. Тек отыр­ғыш сүйектері аздап деформацияға ұшы­рап, өзінің табиғи формасынан өзгер­ген. Өйткені ат үстінде көп отырған ғой. Сонымен бірге Абылайдың оң қолы ерекше қару­лы болған. Қалмақтармен соғыс­қан­да ша­па­нынан оң қолын шығарып ың­ғай­лан­ғаны айтылады. Оңқайлығы сүйек­тен де жақсы көрінеді. Оң қолының бұл­шық еті жақсы жетілгені, күшті болғаны соншалық – білегінің сіңірі айналып, бір тесік арқылы қайта оралып, екінші жағына шыққан, яғни Абылай бір кісі иелік жасай алатындай адам болмаған.
– Антропологиялық тұрғыдан ал­ғанда, Абылай ханның кескін-келбетіне сіз қандай сипаттама берген болар едіңіз?
– Біраз сипаттамасын жоғарыда айтып өттім. Одан бөлек, бойының биіктігін, ми сауыты көлемінің қанша екенін антропология саласындағы бүгінгі әдістемелерге салып, барынша анықтауға ұмтылдық. Жал­пы, антропология саласында тарихи шын­дықты бұрмалау мүмкін емес. Сон­дықтан сүйек қандай болса, тек соның маңай­ында ғана зерттеулер жүргізіліп, анық­тамалар беріледі.
– Дегенмен сіздер Абылай ханның бейнесін қалпына келтіргенде оны тісі жоқ күйінде емес, протезбен кейіптеген көрінесіздер ғой...
– Мұның себебі – Абылай тумысынан мүгедек емес қой. Сол үшін дені сау кезіндегі бейнесі қандай болды, соны негізге алуға біздің құқымыз бар. Қалпына келтірілген кезде ешбір патология көрсетіл­мейді.
– Ал Абылай хан сүйегінің реконструкция жүргізіліп болғаннан кейінгі тағдыры қалай болды?
– Зерттеу жұмыстары біткен соң хан сүйегі қайтадан өзінің орнына жерленіп, кейіннен басына М.Құл-Мұхамед Смоленскіден алдырған қара тас қойылды. Басында жазуы, Шота Уәлихановтың жазған генеалогиясы бар.
– Жалпы, сіз кәсіби маман ретінде Абылай ханның бейнесін суреттей аласыз ба?
– Реконструкцияның бір ерекшелігі – адамның қайтқан кезіндегі бейнесі бейтарап күйінде жасалады, оған образ беруге болмайды. Бізде ғана емес, бұл – ғылыми тұрғыдағы әлемдік талап. Өйт­кені антро­по­логияның міндеті – анықтау. Сол себепті де біз «Абылайдың көзі қандай болған?» «Қарашығының айналасында доғалары болды ма?» дегенді білмейміз. Бірақ көз ұялары мен бет-әл­пе­тінің құрылысына қа­ра­ғанда тура­ноидтық типтің негізгі ерекшеліктері Абы­лай ханның бет-жүзінде то­лық сақ­талғандығын айта аламыз.
– Негізі, сіз Абылай ханның кинода сомдалған, театрда кейіптелген, бейнелеу және мүсін өнерлерінде жаса­лын­ған әртүрлі бейнелерін көріп жүрсіз ғой. Соларға көңіліңіз тола ма?
– Ол рас. Абылайдың бейнесін бәрі салып жатыр. Тіпті бір кезде жүз теңгелік ақшаға да бедерленді. Бірақ оның бәрі – Абылайдың тірі кезіндегі мүсініне қарап салынған суреттер емес, яғни Абылай хан­ның тірі кезіндегі ешқандай суреті болма­ған. Сондықтан біздің реконструкциямыз тұңғыш рет жасалып отыр.
– Ал енді бүгінгі суретшілер, жалпы, Абылай бейнесін тануға ұмтыл­ған суреткерлер сіздердің осы жұ­мыс­тары­ңызға қаншалықты сүйеніп жүр?
– Суретшілердің салғандарының бәрі – ойдан шығарылған нәрсе. Жалпы, бір Абылай емес, басқа да көптеген тарихи тұл­ғаның реконструкциясы мен салын­ған суретінің арасы жер мен көктей ғой. Мен бір суретшілердің Кенесарыны салған суретін көрдім. 25 жастағы жігіт сияқтандырып, тақия кигі­зіп, қара торы ғып салған. Ал халық Кенесары деп кездей­соқ айтпаған, яғни ол кішкентай, сары адам болған болуы керек. Негізінде, қазақ атауды көбінесе дұрыс қояды.
– Ал Абылай ханның суретшілер сал­ған бейнесінде қандай ауытқушы­лық бар?
– Мәселе – олардың образды түрде сала­тын­дығында. Ал кез келген образ антро­пологиялық заңдылықпен қабыс­пай­ды. Әуелде айтқанымдай, бізде бүкіл ре­кон­струкция бейтарап бағытта жасалады. Оған образ берілмейді. Образ бері­летін бол­са, ол реконструкция болып саналмайды, көркем дүние болып шығады. Ал көр­кем дүниеге сараптама жүрмейді. Міне, осы айырмашылықты біздің суретшілеріміз білмейді де, өздерінше ойларына келгенді істейді...
– Әңгімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста