«Жібек жолын» көргіңіз келе ме?

«Жібек жолын» көргіңіз келе ме?

Шығыстың өмірін бейнелейтін «Аттар», «Ләйлә және Мәжнүн», «Ұста», «Шаңырағымызға шақырамыз», «Екі балық», «Қауын», «Екі ғашық», «Керамика шебері», «Керуен – 2» секілді шығармалар қараған адамды бей-жай қалдырмасы анық.
Көпшілік әрқилы қабылдайтын абст­рактылы туындыларды бейнелеуді таңда­ған шебердің «Жібек жолы» атты көр­месіне жалпы 46 еңбегі қойылыпты. Бұл – Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайында өтіп жатқан суретші Ахмет Ақаттың еңбектері. Ол өз еңбектерінде Қашқарияның мешіттері мен шіркеулері, ауылдары мен қалаларын суреттеуге ты­рысады, өйткені осы Шыңжаң қаласынан Памирге дейінгі аралықтағы барлық шы­ғыс қалаларының көне заманғы ғажайып ерекшеліктері осы өңірлерде сақталған. Ал Қазақстан мен Өзбекстан қалалары та­қырыбында суретші өзге қырынан таны­латындай, мысалы, Қожа Ахмет Яссауи мав­золейін т.б. жұмыстарында олардың тарихта қалған нысандар екенін айрықша көрсетуге тырысқан, әрі бұл еңбектерінде қылқалам шебері архитектуралық құры­лым мен адам баласының қолынан шық­қан қайталанбас өнер туындыларын көр­сетуге талпынған.
Ахмет Ақат 1954 жылы Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында дү­ниеге келген. Болашақ өнер иесінің отбасы 1959 жылы Қазақстанға келіп, ол 1974 жылы Абай атындағы Алматы педагоги­калық институтының көркемсурет-гра­фи­ка факультетін тамамдап, кейіннен өнер­тану факультетінде аспирантурада оқыған. 1980-1983 жылдары Мәскеудегі «Се­неж», 1983 жылы Рига қаласындағы «Дзин­тари» шығармашылық үйіне, 1990 жылы Германияның бірқатар қалаларына шығармашылық іссапарға барады. 2003 жылы Ташкент қаласындағы ІІ Халық­ара­лық Артбиеналға қатысып, арнайы жүл­деге ие болады. 1988 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, 2004 жы­лы майталман суретшіге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.
Суретшінің еңбектері Ә.Қастеев атын­дағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Мәдениет министрінің көркемсурет ди­рекциясында, Мәскеудегі Мемлекеттік Шы­ғыс халықтарының өнер мұражайын­да, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ақ орда» ре­зи­денциясында, сонымен бірге Қазақ­стан, Германия, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Түр­кия және өзге де елдерде арнайы көр­мелерде орын алған.
Ахмет Ақаттың «Жібек жолы» көрмесі маусым айының 25-іне дейін жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста