Жидебай жері жан-жақты насихатталмақ

Жидебай жері жан-жақты насихатталмақ

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жайы жанынан «Жер кіндігі – Жиде­бай» қоғамдық бірлестігі құрыл­ды. Бірлестік мақсаты – Абай, Шәкәрім мен Мұхтар сынды даналар туған қасиетті өлкенің рухани пәрменін арттырып, тарихы мен әдебиетін, мәдение­тін насихаттау, жастарға патр­иоттық және адамгершілік тәр­бие беру аясында игі баста­малар мен танымдық шаралар өткізу, туристік сапарлар ұйымдастыру.
Туристік сапар дегеннен шығады, қазір Абай еліне арналған жүйелі түрде ұйым­дастырылып отырған саяхат жоқтың қасы. Ол, ол ма, тіпті коммерциялық мақсатты көздеген «алаяқтар» белгілі бір қаражат көлеміне жабайы «емшілік-экстрасенс­тік» сапарларынан түсетін пайдаға дәндеп алған. Прокуратура ресми тыйым салса да, аңқау жұрт «арамзалардың» артынан еріп кетуге дайын тұрады. Не ауруынан айық­пай, не рухани әсер алмай, артынан сан соғып, ақшасы далаға кеткенде ғана бай­балам салып жататындары бар. Міне, жа­ңадан құрылып отырған қоғамдық бірлес­тік осы олқылықтың орнын толтырып, ресми әрі заңды түрде тарихи мекендерге арнайы экскурсовод арқылы, танымдық, салихалы саяхаттар ұйымдастыруды көздеп отыр. Қоғамдық бірлестік төрағасы болып Абай қорық-мұражайының дирек­торы, жас филолог ғалым Жандос Әубәкір тағайындалса, оған  тарихи жинақтың ав­то­ры, шежіреші, ұстаз Бекен Исабаев, ҚР оқу-ағарту ісінің озаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, шежіреші-этнограф Молдабек Жанболатұлы сияқты зиялы қауым өкілдері де мүше болып бекітілді.
Жандос ӘУБӘКІР, «Жер кіндігі – Жидебай» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Күні кеше тілек білдірген қала тұрғындарының алғашқы тобы Жидебай еліне бірлестіктің көмегімен барып та келді. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін ұжымдық сапарлар ұйымдастырмақпыз. Ол үшін автобус паркімен келісімшартқа отырдық. Саяхат әсерлі шығу үшін ол автобустың ішінде микрофон, теледидар, Абай әндерін тыңдауға мүмкіндік беретін қондырғылар болуы шарт. Бүгінде қаламызда тарихи мекендерге туристік сапар ұйымдастырумен айналысатын фирмалар жоқ емес. Алайда ол жай ғана жер көру, табиғат тамашалаумен ғана шектеліп жатады. Былайша айтқанда, «мылқау» туризм, біз енді осы сапарларды шежірелермен, тарихи оқиғалармен толықтырып, кеңірек мағлұмат бермекпіз. Тек қана Абай ауданы емес, Аягөз, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы Дулат, Ақтамберді жыраулар, Ақтайлақ би, Әріп, Әсет ақындар өмір сүрген елді мекендерді жас ұрпаққа өнеге болуы үшін дәріптемек ойдамыз. Шаруаны дөңгелету үшін болашақта жергілікті әкімшілік, облыстық мәдениет, туризм басқармаларымен, жоғары оқу орындарымен де қоян-қолтық жұмыс істеу қолға алынбақ. Бұдан бөлек баспаханалық қызметтер көрсету, кітап, газет-журнал, атластар мен буклеттер шығару да жоспарда бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста