«Жігіттер» тобынан Бағлан Әбдірайымов бас тартса, «Меломеннен» кім кетті?

«Жігіттер» тобынан Бағлан Әбдірайымов бас тартса, «Меломеннен» кім кетті?

41 жасында ес-түссіз ғашық болған Баян Есентаева қашан тұрмысқа шығады?
Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісіп кеткен бе? Әншінің екі айлық нәрестесін кім қарап жатыр?
Ал «Жігіттер» тобынан Бағлан Әбдірайымов бас тартса, «Меломеннен» кім кетті?


Жеке өмірі миллиондаған адамның талқысына түскен продюсер Баян Есентаева осыдан былай сүйіктісін жасырмайтын болды. Бұл жайында сұхбатында айтыпты. Баян кәсіпкер Тұрсынғали Алакөзовпен қайда, қалай танысқандарын көпшілікке жайып салды. Тіпті, көктемде дүркіретіп той да жасамақ.

Қос ғашық өткен жылдың наурызында танысқан. Кәсіпкер Тұрсынғали "Аналар үйіне" қатысты сериал түсіру үшін белгілі продюсерді өзі іздеп, кездесуге шақырыпты. Содан басталған таныстықтары махаббатқа ұласып, соңында бір-біріне ес-түссіз ғашық болған көрінеді. Баян пышаққа ұрынған күні де Түркиядан ұшақпен бірге оралғанын жасырмапты.

"Меломен" тобына Баянның танымалдылығына жету алыс шығар. Алайда, топтың өнеріне бас иетін фанаттары да жоқ емес. Тыңдаушыларының көбі оларды соңғы уақытта не концерттен, не тойдан көре алмапты. Тіпті, кейбірі ол топ мүлдем тарап кетті ме деп те топшылаған-ды. Біз нақтысын жігіттердің өз ауыздарынан естуді шештік.

Тек топтағы бойы ұзын, өзіндік дауысымен ерекшеленетін Жігер Ауытпаев топтан кетіп жақтан көрінеді.

"Меломен" тобы:
- Оның кетемін дегеніне 4 ай болды. Оның кетпеуіне ат салыстық.

8 жыл бойы топтың ыстығына бірге күйіп, суығына бірге тоңған Жігердің ешқандай себепсіз қолын бір сілтегені өзге жігіттердің ашуын туғызады екен.

"Меломен" тобы:
- Еңбекті құрдан-құр тастап кететін ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз.

Ал, көпшіліктің пікірінше топтан кеткен әнші бүгінде дінге бет бұрып, Мекке Мәдинада кіші қажылығын өтеуде екен. Ал, аз уақыттың ішінде қыздардың жүрегін баураған "Меломен" тобы болса, бір орында тоқтамай әрі қарай жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.

Бұл иллюзионист Ләззат Байтоқанованың қытайлық жюрилерді таңқалдырып жатқан сәті. Осы бір ерекше өнер түрінен халықаралық "Талант сахнасы" байқауында сынға түсіп жатыр. Тіпті, екі бірдей айналымда өзгелерді шаң қаптырып кеткен жерлесіміз жартылай финалға жолдама алыпты.

Ләззат Байтоқанова, Иллюзионист:
- Бірінші кезде өте қобалжыдым, өйткені сахнада концерт барысында өнер көрсеткен басқа екен де, жюрилердің алдында сынап отыратын жерлерде өнер көрсету ол басқа екен.

Бейне ауыстырудың қыр-сырын жақсы меңгерген иллюзионист жаңа бағдарлама ойластырып жатыр екен. Біздің түсірілім топ ел көрмеген жаңа бағдарламасын тамашалап қайтты. Тіпті, өзіміз де жаңа қойылымына қатысып қызықтап көрген едік.

Лаура Биғали, Тілші:
- Иллюзионист Ләззат Байтоқанова бейне ауыстырудың ерекше түрін ойлап тауыпты. Яғни, бір ғана матаны үстіңізден өткізсе болғаны екен киіміңіз әп-сәтте өзгеріп шыға келеді. Дайынсыз ба?

Шапшаңдық пен сенімділікті аса қажет ететін иллюзия жанрына Ләззат бүгінде әбден пісіп қатқан. Әрбір қимылын көрерменге ерекше қылып жеткізу үшін көп дайындалып, барын салады. Егер қытайлық бауқаудан жеңімпаз атанса 50 мың АҚШ долларына иллюзияның өзге түрін үйренетін едім дейді.

Келін, ана әрі әнші Мөлдір Әуелбековаға бүгінде иллюзионисттің шапшаңдығы аса қажет болып тұр. Жарына тамақ әзірлеп, енесінің бабын тауып, баласын бағып-қағуға әрі өнерін де жалғастыруға уақытын жеткізе алмай жүрген сыңайлы.

Мөлдір Әуелбеокав, Әнші:
- Аз уақыт өткеннен кейін енді екі айдан енді асты. Баламыздың дүниеге келегеніне. Соған қарамастан жолдасым, сені қолдап отыр, күтіп отыр деп қолдан келсе, ертерек шыға бер деді.

Дегенмен, жаңа туған бөпесін Мөлдірдің жұмыстан қолы босамағанда жолдасының анасы қарап қалады екен.

Мөлдір Әуелбекова, Әнші:
- Бірінші бала енді ата әжесінікі ғой. Өзінің әжесі қарап отыр. Ешқандай уайымым жоқ.

Бүгінде әнші "Туған жер" атты әнге бейнебаян түсіріп жатыр. Клип көпшілікке наурыз айында жол тартпақ.  

https://youtu.be/BMGYbbm73KI?t=1m51s

31 канал

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста