Жігіттердің үйлене сала қарындарының шығып кетуіне әйелдері кінәлі - диетолог (видео)
Мерует Ермекова фитнес-жаттықтырушысы және диетолог болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол ер азаматтардың отбасылы болғаннан кейін қарындары қампиып шыға келетінін көп байқаймын дейді.
Қыздар тұрмыс құрған соң күйеулеріне режимсіз тамақ береді. Сондықтан олар семіріп кетеді. Келіншектер оны қайын жұртына жағыну үшін жасайды. Сонымен қоса қолынан көп нәрсе келетінін дәлелдеу үшін жұбайына арнап неше түрлі дәмді тағамдар әзірлейді — дейді диетолог.
instagram.com/meru_ermekova
Меруерттің айтуынша өз таныстарының арасында да шаңырақ көтеріп, тез семіріп шыға келгендер көп екен.
Оның үстіне жігіттер үйленген соң өзіне немқұрайлы қарай бастайды. Дене бітімімен жұмыс істеуді доғарады. Өйткені олар осы қалпыммен әйеліме ұнасам болды деп ойлайды — деген пікріде Меруерт Ермекова.