«Жол» фильмiнiң жолы болды
Испандық «Жол» картинасы алты бiрдей «Гойя» сыйлығын иемдендi. Ең үздiк испан фильмiн анықтайтын 23-кинофестиваль жексенбi күнi өткен болатын.
Режиссер Хавьер Фессер «ең үздiк фильм», «ең үздiк сценарий», «ең үздiк режиссура» номинациялары бойынша жүлденi иемдендi. Сонымен бiрге картинаға түскен үш адам «үздiк актриса», «екiншi пландағы үздiк актер» және «үздiк дебют» жүлделерiн де жеңiп алды.
Бұдан бөлек, «ең үздiк актер» атағына Стивен Спилбергтiң «Че» фильмiнде Че Гевараның рөлiнде ойнаған Бенисио дель Торо, ал Вуди Алленнiң «Вики Кристина Барселона» фильмiндегi рөлi үшiн «ең үздiк актриса» атағына Пенелопа Крус лайық деп танылды. Былтыр бұл фильм арқылы П.Крус «Оскар» сыйлығын жеңiп алған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу