«Жол картасы» кітапханаларды айналып өтпеді

«Жол картасы» кітапханаларды айналып өтпеді

Қарағандыдағы облыстық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басты нысаны – Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және осы жүйеге енетін өзге де кітапханалар «Жол картасы» бағдарламасының аясында жөндеуден өткізілуде. Биыл ашылғанына 75 жыл толатын ақыл-ой мен парасат құтханасында күрделі өзгерістер, өңдеу, әрлеу жұмыстары жаз басынан бері жалғасын табуда.

Осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын қаланың орталық даңғылдарының бірі – Саттар Ерубаев атындағы көше бойында орналасқан, күнделікті тірлігі тыныштық пен сабырға тұнған осынау ғимарат іші қазір шуға толы. Сонау 1969 жылы кеншілер қаласында «Сән үйі» ретінде салынған ғимарат сол жылы ғылыми-әмбебап кітапханаға зәру елдің сұранысымен ақыл-ой ордасына айналыпты. Қазір кітапханада 12 арнайы бөлім жұртшылыққа қызмет көрсетеді. Оқырмандармен тікелей жұмыс жасайтын бөлімдер базасында «Сарыарқа», «Өлкетану», «Вива Лингва», «Әдеби қонақжай» клубтары жұмыс ұйымдастырып келеді.
Соңғы жылдары жеңіл-желпі өңдеу, әрлеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқан кітапхана ғимаратын тозығы жеткен деп айтуға болмас. Дегенмен жыл сайын толығып отыратын кітапхана қорын орналастыру реті және оқырмандардың талап-тілегіне орай, биыл ғимарат ішінде өзгерістер орын алмақшы. Бұл өзгерістер, ең алдымен, оқырмандардың қалаған кітабын оңай табуы мен оқу-жазуға жақсы жағдай тудыру мақсатында жасалмақшы.
Валентина ПАК, Н.В.Гоголь атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары:
– «Жол картасы» арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қазынадан 39 миллион 783 мың теңге бөлінген. Жалпы, жөндеу жұмыстары, бұйыртса, қыркүйектің басында тамам болмақ. Шынтуайтына келсек, жөндеу жұмыстары тұсында біз кітапхананы толығымен жауып тастағымыз келген. Бірақ ойлана келе, барлық ыңғайсыздықтарға қарамастан, шағын ғана абонемент бөлімін ашып қойдық. Жазғы демалысқа, жөндеу жұмыстарына қарамастан, оқырман үзілген емес. Бұл бізді қуантады, әрине. Кітапхана дегеніңіз – тірі ағза тәрізді ғой: тұрақты жұмыс істеп, дамып отыруы керек. Жақын арада біз де өз тарапымыздан оқырмандарымызды қуантып, келушілер бөлмесін кеңейтпекпіз, кітапхана қоры да толығады.

Дерек-дәйек
Облыстағы орталық кітапхананың кітап қоры 407 мың дананың үстінде. Кітапхана елдегі, алыс-жақын шетелдегі кітап шығаратын ірі баспалармен, кітап саудасымен айналысатын ірі құрылымдармен тұрақты байланыста. Мұнда ағылшын, француз, неміс, мадияр, араб, бұлғар және басқа да тілдердегі кітаптар мен электронды кітаптар жеткілікті. Қыркүйек айында кітапхана қоры жалпы құны 1,5 миллион теңгеден астам тұратын кітаптармен толығады деп күтілуде. Кітапхана жылына 500-ден астам мерзімді баспасөз құралдарына жазылады. Жылына 24 мыңнан астам оқырманға 500 мыңнан астам кітап беріледі.
* * *
Кітапхана қорында сирек кездесетін құнды жәдігерлер – 1931 жылы шыққан «Весь Казахстан. Анықтама кітап», 1914 жылы Мәскеуде жарық көрген «Азиатская Россия», 1895 жылы Петерборда басылып шыққан Д.Мильтонның «Потерянный и возвращенный рай» (Г.Доренің суреттерімен) және «Введение в географию», «Остромирово Евангелие», «Киевская псалтырь» басылымдарының көшірмесі сақталған.
* * *
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл Қарағанды облысында жалпы құрылыс жұмыстарына 13,9 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бұл қаражат облыстың әр түкпіріндегі 528 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалып жатыр. Бағдарлама аясында 14 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста