Жол ортасында жатқан Гүлназ Жоланова елді шошытты (фото)
Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланованың жариялаған фотосы желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесі әзіл ретінде түсірген суреті үшін елден оңбай сөз естіді. Көпшілік оны бұл әрекеті үшін сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлназ Жоланова Instagram парақшасында өзінің тас жолдың қақ ортасында етбетімен жатқан фотосымен бөлісті. Белгілі актрисаның суретті түсірерде арнайы дайындалғаны да көрініп тұр. Оған жолда жатқан құлаққап, орамал, сөмке мен су бөтелкесі дәлел болмақ.
Желі қолданушылары бірден өнер иесінің жазбасын қызу талқыға алып, оған қатысты өз ой-пікірлерін айтқан. Кейбірі Гүлназ Жоланованың қалжын ретінде түсірген фотосын түсінген болса, енді бірі оның қылығын аса ерсі санап сынап тастады.
Оған қоса, олар суреттің Медеу жақтағы жолдың бойында жасалғанын айтуда.
"Не жатыс сіздікі? Тұрсаңшы" , "Қирап шаршап қалыпсың ғой" , "Недеген тапқырлық" , "Әбден күліп алдым" , "Атың шықпаса жер өрте, енді не істерлерін білмей жүр" , "Талып жатырсыз ғой" , "Спортқа жанын беретін ару, шыңдарды бағындыра бер" , "Ерке Есмахан секілді, етбетімен жатып қалыпсыз" , "Осы челлендждер кесірінен қыздарымыз өзіне жат әрекеттер жасайтын болған" , - деп жазуда көпшілік.