Жұбаныш Жексеннің ұлы Әбілқайыр орыс қызына үйленді
Көптен бері көрінбей кеткен Жұбаныш Жексенұлының шаңырағында үлкен той! Әнші ізінен ерген атұстары Әбілқайырды үйлендіріп, дүркіретіп той жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жұбаныштың ұлы Әбілқайыр Абик лақап атымен танымал. Әншінің атұстары өнерден кенде емес. Ол да -әнші, ол да – музыкант. Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Жұбаныш Жексенұлы ұлымен бірге клип түсірген болатын. Ал Әбілқайырдың таңдаған жары өнер әлемінен болғанымен, ұлты – басқа, орыс.
Өткен демалыста Жексенұлы ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Әншінің қуанышына бірқатар өнер иелері ортақтасқан. Алайда олардың барлығы дерлік жас келінді көрсетуге асықпады. Тек композитор Арман Дүйсенов қана, жас жұбайлармен түскен суретін жариялап, оларға деген ақ тілегін жеткізді.
“Құрметті Әбілқайыр – Мәриям! Бақытты болыңыздар! Шын жүректен құттықтаймыз”, – деді ол.
Сазгер осылай дегенімен, желідегілер қалыңдықтың шын есімі – Мария екенін айтып жатыр. Олардың бірі Марияның қазақшаға судай екенін атап өткен. Ал өзге оқырмандар орыс қызына үйленген Абикті қатаң сынға алды.