Жұлдызай келін атанды

Жұлдызай келін атанды

Халыққа ең алғаш "Шаншар" театрының актрисасы ретінде танылған Жұлдызай Дүйсенбиева тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты көпшілікке таратқан «Жұлдыздар құпиясы» басылымында жазылғанындай, Жұлдызайдың ұзатылу тойы 14 мамыр күні Шымқалада қазақы салт-дәстүрмен өткен.
Жұлдызай «Шаншар», «Алдараспан», «Тақия мен Мафия» секілді сатиралық театрлар сахнасында талай келіннің, келіншектердің рөлін тамаша ойнап жүрсе де осы уақытқа дейін өзінің өмірлік жарын кездестіре алмай жүрді. Бұл туралы өзі де талай басылымдарға сұқбат берген. «Егер есеппен тұрмыс құратын қыздардың қатарында болсам, әлдеқашан жарқырап жүрер едім. Өйткені жағдайы жақсы жігіттер аз сөз салмады. Біреудің несібесіне қол салғым келмейді. Бастысы – болашақ жарымның жүрегі мен деп, менің жүрегім – ол деп соқса болды. Алайда ондай азамат жолықпай жүр...» деген еді бір сұқбатында актриса. Енді міне, Жұлдызайдың да басына ақ жаулық салынып, қазақтың бір жігітіне жар атанды.
Сатира сахнасының сұлуы Өмірсерік атты жігітті өмірлік жары етіп таңдаған екен. Актрисаның айтуынша Өмірсеріктің өнерге еш қатысы жоқ. Өмірсерік 1981 жылы туған Оңтүстік Қазақстанның азаматы.
Жұлдызай Дүйсенбиеваның ұзату тойына оның өнердегі әріптестері, достары қатысты. «Шымкент шоу» мен «Алдараспан», «Мафия мен Тақия» театрларының өкілдері, Сәбит пен Жанатбек Жұлдызайдың тойына арнайы барды. «Әншілер қауымынан Бауыржан Өскенбеков, құрдасым, досым Роза Әлқожа, қазақтың ақын қызы Ақмарал, Ернар Айдар бауырым, «Ағайындылар» тобы, «Арман» тобы және де өөзімнің түркістандық достарым тойымыздың қадірлді қонағы болды» дейді актриса. Жұлдызайдың тойына Уәлибек пен Жүсіп ағалары және Нұржан Төлендиев белгілі себептермен бара алмаған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста