Жұлдыздар балаларына қандай ат қояды? (фото)
Әуелі күні кеше дүниеге келгендерінен бастасақ, ақпанның 23-і таңғы сағат 08 шамасында дүниеге әкелген қызына әнші, сазгер Роза Әлқожа Ясина деп ат қойды. Асыл дінімізден хабары бар жұртшылық бұл есімнің Қасиетті Құран Кәрімдегі сүре аты екенін бірден білері анық.
Одан сәл ерте, дәлірек айтқанда, өткен жылдың 11қарашасы күні сүйікті жары Динара әнші Еркін Нұржанға шекесі торсықтай ұл сыйлағанын білеміз. Ол ұлға атты алғашқы немересі болғандықтан әншінің өзі емес, әкесі, яғни, нәрестенің атасы қойды. Сонымен, сәби есімі – Қайыр.
2013 жылы 14 жылдық үзілістен кейін екінші рет әке атанған Сәкен Майғазиев қызына Раяна деген есім қойды. Раян - «жұмаққа кіретін қақпа» деген мағына береді. Раяна есімін Сәкен Майғазиевтың анасы да қолдап, осылай атауды жөн көріпті.
Аиша мен Бүркіт ұлдары туылса да, қанша уақыт оны елге көрсетпей тығып жүргенін білеміз. Сол кішкентайдың аты Зейін екенін біз кейін білдік. Және алғаш жұртшылыққа нәрестенің жүзін жарқ еткізген Қайрат Нұртас болатын. Оқиға аяқ асты болған, яғни, Қайрат Бүркіт ағасы мен Аиша жеңгесімен бір ұшақта кездесіп, сол сәтте нәресте көтерген жас жұбайларды сарт еткізіп түсіріп ала қояды.
Таяуда Қайрат Нұртастың өзі ұлды болғанын білсек те, үш қыздан кейін ұзақ күттіріп барып дүниеге келген сол нәрестеге азан шақырылып, Хан деп ат қойылғанын біле бермейміз.
Ал жалпы, есімі елге белгілі жұлыздардың үйінде өсіп келе жатқан балалардың атын біле жүрсек, артықтық етпес. Мәселен, белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұлына Асанәлі деп ат қойса,
Мәдина Сәдуақасова былтыр тұла бойы тұңғышы Әнуарды дүниеге әкелгенін білеміз.
Әзірге Алмас Кішкенбаевта Зере атты жалғыз қыз бар.