Жұлдыздар блог жүргізетін желі құрылды

Жұлдыздар блог жүргізетін желі құрылды

Интернет көпшіліктің сүйікті ермегіне айналып үлгерді. Әлемдегі интернет қолданушылардың жартысынан астамы сауықтық әлеуметтік желілердің тұтынушылары. Сондықтан бүгінде көптеген мекемелерде кейбір сауықтық сайттарға тыйым салынып та тасталған. Бұл жағымсыз жағы болса, ал жағымды жағы, қазір қазақ жұлдыздары да біртіндеп интернет әлеміне еніп, әлеуметтік желіде өз жеке блогтарын жүргізе бастады.

Қазақстандық ON.KZ әлеуметтік желісі – осы нарықты игермек ниеттегі қазнеттің ең белсенді жобасы болып отыр. ON.KZ көпшілікке арналған және негізгі үш бағытты қамтиды:
• Блогтар;
• Қауымдастықтар;
• Сыныптастар;
Ондағы блогтар бөлімінде өз аккаунтыңды* ашып, блог жүргізе бастауыңа болады. Қауымдастықтарда өзіңмен тілектес, пікірлес, идеялас адамдарды табасың. Ал сыныптастар бөлімінде ON.KZ командасының өздері айтқандай, қазақстандық мектептердің толық базасы қамтылған екен.
ON.KZ-тің ерекшелігі – ондағы «Жұлдызды блогерлер» айдары. Ол жер – жұлдыздардың өз аудиториясымен тікелей байланысқа түсіп, қатынас жасауға арналған керемет алаң. Осы уақытқа дейін Қайрат Түнтеков пен Құралай Нұрқаділова өз блогтарында жазбаларымен бөлісіп те үлгерді. «Motor-Roller» тобының әншісі Ильяс Аутов болса, болашақ альбомының сөздерін де жариялады.
ON.KZ-те МузАРТ-тық Сәкен Майғазиев өз блогын қазақша жүргізе бастады. Ол қазнетте өз блогын бастаған алғашқы қазақтілді жұлдыз болып отыр. Тіпті Сәкен өзінің жоспарларымен бөліскен постын* да жазды.
Сәкен Майғазиев өз блогында: «ғаламтор адамдардың бір-бірімен байланыс орнатуының ең жедел де қолайлы түрі болып отыр» деп әсерімен бөлісті. Бұл жұлдыздар тізімі болашақта тек қана көбейе береді, дейді ON.KZ командасы.
Қазақстандық ON.KZ әлеуметтік желісі қазақша контентті* дамытуда алғашқы қадамдарын нық басып, тұтынушыға қарай жақындауда. Ресурста жүзеге асып жатқан түрлі жобалар, тек қана қолданушылардың ыңғайына бейімделіп жасалғандығы көрінеді.
Ал сол уақытта, қазнет қолданушылары көп жағдайда шетелдік әлеуметтік желілерде уақыты мен трафигін өткізуде. Бұл орта жарнама мен PR-дың шоғырланған мекеніне айналған. Маркетологтар соңғы жылдардағы жаңа медианың құбылысына орай көбіне интернет технологияларды, әлеуметтік сервистерді өздерінің негізгі құралдары ретінде қолданады.
Соған қарамастан, өзіміздің әлеуметтік желілер шетелдік ресурстарға уақыт өткізіп отырған отандық қолданушылардың көңілін табар емес. ON.KZ-тің бұл бағытта жасап отырған қадамдары ерекше қуантып отыр.

• User-Сөздік:
Әлеуметтік желі – интерактивтік, қолданушылары көп веб-сайт. Сайттың контенті қолданушылар өздері толтырады. Әркім өзі туралы ақпарат қалдырып, өзгелермен бөлісе, қызығушылықтарына қарай пікірлестерін табуға, байланыс орнатуға бағытталған. Мысалы, Facebook.com, vkontakte.ru, МойМир@mail.ru, ON.KZ және т.б.
Блог (блогер) – (ағыл. weblog - тораптағы күнделік) әркім өз пікірлерін интернетте еркін жазуға, бөлісуге, оқырмандардың пікірін білуге арналған веб-сайт. Онда түрлі бейне, фото, мәтіндік жазбалар жариялауға болады. Ал блогер – блог жүргізетін адам.
Қауымдастық – әлемдік қолданушылардың жартысынан көбісінің уақыт өткізетін негізгі ресурсы. Әлеуметтік желіде түрлі қауымдастықтар арқылы ортақ идеялас адамдар мен қызығушылықтары бір жерден шығатын тұлғаларды топтастыруға олардың бір-бірімен тығыз қатынасуына, араласуына ыңғайлы жағдай жасалған.
Аккаунт – ағыл. account (жеке бет, профайл). Қолданушы әлеуметтік желіге тіркелу барысында толтыратын жеке мәліметтері қамтылған бетше.
Пост – бір форумда не форум ішіндегі тақырыпта, болмаса бір блогта жазылған жеке хабарлама. Белгілі бір тақырыпқа жазылған ақпарат. Қазақша жазба деп аударылып жүр.
Контент – (ағыл.content - мазмұн) – сайттағы кез келген ақпарат түрі. Контент деген мәтін, бейне, фото, роликтер, сілтемелер мен жаңалықтар. Оның негізгі өлшемі – маңыздылығы мен сапасы. Қазақша «мазмұн» дегенге келеді.
Браузер – навигация мен интернеттегі түрлі сайттарды қарауға, жүктеп алуға арналған арнайы бағдарлама. Танымал браузерлер: Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox, Google Chrome.
Аватар – қолданушының фотосы. Кейіпкер, қолданушының виртуал әлемдегі бейнесі.
Спам – (ағыл. spamming) жеке поштаға, блогтарға жазылған пікірлерде қалдырылған жабайы жарнама. Немесе электрондық пошта арқылы көп адамға бағытталған жіберілім.
ИМHО – (ағыл. in my humble opiniоn – жеке менің пікірім бойынша) қазақша мағынасы, «менің ойымша» дегенге келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста