Жұлдыздар кімге еліктейді? (Видео)
Шоу-бизнесте өзіндік мәнерімен елдің жүрегін жаулап, назарын аудартқан жұлдыздар жетерлік. Алайда, солардың жетістігі мен танымалдығын қайталағысы келетін өнер иелері кімдер?
Расында да, танымал әнші Қайрат Нұртастың киімі, шаш қою үлгісі, тіпті сахнадағы жүріс -тұрысын да айнытпай салатын әншілердің барын сахналық әріптестері де жоққа шығармайды.
Ернар Айдарды жылына бірнеше рет концерт беруден шаршамайтын Қайрат Нұртасқа ұқсатады. Әрине, бекер емес. Ернардың репертуарының 90 пайызы махаббат әндерінен құралған.Тіпті концерттерінің бірінде Қайраттың ән қоржынындағы «Күзгі қайың» әнін де орындап шыққаны әлі де ел есінде.
Талай тойлардың көркі болған әнші Абай Бегей алғаш өнерге аяқ басқанда жерлесі әрі жанашыры Ұлықпан Жолдасовқа еліктепті.
Абай Бегей, әнші:
- Ол кезде кассета болатын. Соны алып еститінмін.
Әнші өнер адамының еліктегенін құптайды. Еліктеу арқылы өз ерекшелігіңді табасың дейді.
Ал әнші Мақсат Базарбаев болса, Абайдың бұл пікіріне түбегейлі қарсы. Бір-бірінің көшірмесі болып жүрген әріптестерін біраз сынның астына да алды.
Мақсат Базарбаев, Әнші:
- Әр әншінің өзінің аты, қолтаңбасы болу керек те, біреуге еліктеп біреудің еңбегін алып шығу керек емес. Мен өз басым ол нәрсеге 180 пайыз қарсымын.
Десе де, өнерін қайталамаса да, бет- әлпетінің томпақтығымен көпшілік оны әнші Алтынбек Тәшімбетовпен шатастырып алады екен.
Алтынбек Тәшімбетов, Әнші:
- Мақсат Базарбаевқа бет әлпетімді ұқсататын. Кейде Мәке деп амандасып жатады.
Бұл шоу-бизнеске жаңадан енген «91» тобы. Қазақ эстрадасына жаңалық енгіземіз деген топ халықты таңқалдыра алды ма ?
Құлақтарына сырға тағып, шаш пен көзді бояп сахнаға шыққан жігіттерді бірі қолдаса, енді біреулері сынады. Алайда, қолдағандардан гөрі, сынаушылар қатары көп.
Топтың ән айтуы мен киім кию стилі корей ұлтының «Биг Бенг» тобына қатты ұқсайды. Анығын білмекке топты сұхбатқа шақырғанымызбен, кездесуге 1-2 сағат қалғанда, олар өзге шаруа шығып қалғанын жеткізді. Ал, әншілердің бұл топ туралы пікірі әртүрлі.
«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретовті танымал әнші Мұқасан Шахзадаевқа жиі ұқсататын көрінеді. Оны Роланның өзі де мойындайды.Тіпті, кейде туысқанымын деп те жауап берген кездері болған екен.
Ролан Қазретов, "Меломен" тобының әншісі:
- Көбінесе біз туысқанбыз деп айтады. Сен осы Мұқасан ағаға қандай қатысың бар деп сұрап жатқанда туған інісімін деп айтып жүре беремін. Ол да мені туған інім деп айтады.
Дегенмен, әнші өнердегі ағасына өнері мен де түр -келбетімен де еліктейді екен.
Ал қазақ эстрадасындағы топтардың біразы «МузАРТ-тың» жетістігін қайталағысы келетін көрінеді.
"Арай" тобы:
- МузАрт тобындағы ағаларымыз осы кісілерге қарап, жалпы группа деген не нәрсе, үш дауысқа бөліну керек пе, төрт дауысқа бөліну керек пе сол кісілер арқылы қалыптастырдық. Сол кісілер себепкер деп айтсақ болады.
Дегенмен, шоу-бизнес өкілдері бір-біріне еліктесін, тіпті өнерін де қайталасын алайда, оларды електен өткізіп, екшелейтін тек патша көңілді көрермен екенін ұмытпағандарыңыз жөн.