Жұлдыздар жаңа жылмен құттықтайды

Жұлдыздар жаңа жылмен құттықтайды

Айгүл Иманбаева, әнші: – Қазақ елін табалдырығымыздан аттағалы отырған жаңа жылмен құттықтаймын. Қой жылында еліміздің ырысы еселеніп, ырыздығымыз молая берсін. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, әрбір жанға мықты денсаулық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Ақ ниетпен тілеген аппақ армандарыңыз орындалсын. Өнеріміз өрлеп, мәртебеміз асқақтап, келер жылы табыстан табысқа жете берейік.

Сәкен Майғазиев, әнші: – Қабырғалы қазақ елін жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа 2015 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын,әр шаңыраққа баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін! Қой жылы мерекелі, берекелі болып, мерейіміз үстем, беделіміз биіктей беруін тілеймін.

Қажымұрат Шешенқұл, әнші: – Қой жылы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған құтты, берекелі, мамыражай жыл болсын. Барша қазақ халқын, отандастарымды жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Өнер жолында жүрген әріптестеріме халқымызды әдемі әндеріңізбен қуанта беріңіздер дегім келеді. Қазақ халқының көл-гөсір көңілі жаңа жылда көтеріңкі болсын. Той-думанда жолығайық.

Жеңіс Ысқақова, әнші: – Баршамыздан жаңа жылдан жақсылық күтеміз ғой. Мен шын жүрегіммен жаңа жылда баршаларыңыздың армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Өзіміздің бойымызда бар жақсылықты, қуанышымызды, бақытымызды жаңа жылға ала кетейік, жамандық атаулыны ескі жылға қалдырайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Қой жылы береке мен байлықтың, татулық пен бірліктің жылы болсын!

Гүлназ Нұрбалина: – Қазақ үшін қой жылы құтты жыл ғой. Егемендігімізді де қой жылы алдық. Жаңа жылда бақ-береке, шалқар шабыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Еліміздің азаматтарына зор денсаулық, отбасыларына татулық тілеймін. Жетістіктен жетістіктерге жетіп, еліміздің беделі арта берсін. Жаңа жылда жас отбасылар, жаңа туған нәрсетелер көбейсін, ұрпақтарымыз өсіп-өнсін. Әрбір жанға еңбектеріне табыс, дастархандарына береке тілеймін.

Сабина Алтынбекова, спортшы: – Қымбатты жерлестерім, сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Барлық армандарыңыз жаңа жылда орындалсын. Өзімнің туған-туыстарымды, дос-жарандарымды, өзіме тілеулес жандарды, барша халқымызды сиқырлы мерекемен құттықтай отырып, ашық аспан, шат-шадыман көңіл-күй тілеймін. Жаңа жылда тек жақсылықтар мол болсын, мақсаттарыңызға жетіңіздер!

Дайындаған Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста