Жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізеді?

Жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізеді?

 Қазақ шоу-бизнесінің жұлдыздары жазғы демалыстарын жан-жақта өткізуде. Байқауымызша, жаздың жаймашуақ, көңілді күндерін жұлдыздар алыс-жақын шетелдерде, отбасымен бірге өткізгенді жөн көреді екен. Әлеуметтік желілер арқылы өздерінің жазғы демалыстары жайлы қызықты деректер жазып, суреттерімен бөліскен жұлдыздарды назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

 
 Продюсер Алтынбек Рахметов Анталияда демалып жатыр. 
 
 
Оның өнердегі шәкірттері Серік Ибрагимов пен Ардақ Әлекешев те желідегі парақшаларында Түркиядағы демалыс сәттерін бөлісті.
 
 
Ал елге белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман Қатон-Қарағайдан сәлем жолдады. Осыған қарағанда өнерпаз шетелде емес, ауылдық жерде демалғанды ұнатады. "Ассалаумағалейкүм, Қазақ Елi, Қатон-Қарағайдан сәлем, бүгiнгi ғажап түн, Қадыр түнi тiлеген дұга-тiлектерiмiз қабыл болсын, мейiрiмдi Алла бiлiп-бiлмей iстеген күнәларымызды кешiрсiн, екi дүниенiң абыройын нәсiп етсiн баршамызға!!! Елiмiз, жерiмiз аман болып, көк Байрағымыз биiктен желбiрей берсiн!!! Ынтымақ, бiрлiк, ырыс-құт нәсiп етсiн!!!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
 
 
Ал таяуда жары Аишамен бірге "Астана Жұлдызы" музыкалық конкурсында "Үздік бейнабаян" аталымы бойынша жеңіске жеткен Беркут болса Түркияның Regnum Carya Golf & SPA Resort курорттық спа-қонақүйінде демалып жатыр. 
 
 
 
Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева да жазда Түркияда демалуды жоспарлаған екен. Желідегі парақшасында өнерпаздың Түркияның Анталиясында түскен суреті жария болды. 
 
 
Ал "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева сүйіп қосылған жарымен бірге таяуда Түркияға аттанды. Бұл жайында ол желіде өзі хабарлап отыр. "Достар, қайырлы таң! Ал біз Түркияға демалысқа ұшқалы жатырмыз", - деп жазды әнші. Айта кетейік, осы жарияланымнан кейін оның оқырмандары арудың жүкті екенін айтып, қуаныштарын жасыра алмады. 
 
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан да жаздағы демалысын Түркияның Анталия қаласында өткізіп жатыр екен. 
 
 
МузАрт тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те Түркияда отбасымен бірге демалып жатыр. 
 
 
Таяуда ғана отау құрған танымал пародис Олжас Сыдықбек жарымен бірге бал айын Түркияда өткізіп келген болатын. Ал қазір Шалкөде жайлауында демалып жатқан көрінеді. 
 
 
 
"Алдавай" тобының солисі Шоқан Маратұлы болса Түркияның Памуккалесінде демалып келді. 
 
 
 
Жақында елдің еркесі Қайрат Нұртас та жазғы демалысын Түркияда өткізіп келген болатын. 
 
tengrinews.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста