Жұлдыздарымыз жалаңаштанудан жарысуда (видео)

Жұлдыздарымыз жалаңаштанудан жарысуда (видео)

Шоу-бизнес өкілдері батыстық әріптестерінен қалыспай, соңғы уақытта "ашық" киінуді сәнге айналдырған. Олардың есімдерін жалпақ жұрт та жақсы біледі.

Жақында продюсер Баян Есентаева көпшіліктің ашу-ызасын тудырған болатын. Нақтырақ айтсақ, продюсер салтанатты кешке шолақ шалбар (шорты) мен көк кеудеше киіп келген. Осы бір киім үлгісімен көпшілікке ұнамай, сынның астында қалған продюсердің бұл әрекетін оқырмандар "елдің назарын аудару үшін жасаған" деп топшылады.

Сынға Ақбота Керімбекованың еті әбден үйренген. Киім-кешекке аса мән бермеймін дейтін өнер иесі сахнада жүрген жартылай жалаңаш өнер иелерін "дүбәра әншілер" деп кесіп айтты.

Ақбота Керімбекова, әнші:
- Қазіргі жастардың шығарып алғаны қымбат киіп, 5-6 мың долларға киім тіктіріп, өздерінің не айтып тұрғанын, ол әнші ме, әнші емес екен қазір өзін-өзі біле алмай жүрген дүбәра әншілер көп.

Бұл "Индиго" тобының сылқымдары. Дауыстары мен қоса киген киімдерімен де мақтана алады.

"Индиго" тобы:
- Бізде бәрі орынды. Ұзын көйлектеріміз бар, қысқа да көйлектеріміз бар.

Дегенмен, баратын орындарына байланысты жас әншілер қысқа әрі тым ашық киімдерді киюге тура келетіндерін жасырмайды. Әрине, ашық киінген қыздар қалай десек те, өзіне ер адамдардың назарын аудартады емес пе?

Ал Ақбота болса сахнаға тіпті спорт киіммен шықсам деп армандайды.

Ақбота Керімбекова, әнші:
- Спорт киіммен шықсам, шіркін! Сахнада тұрып "өзімді үстімде мен не киіп тұрмын?" деген ой болмау керек те менде, мен әнімді шын жүрегіммен жеткізуім керек.

Керімбекова ханым, әңгіме барысында қазақ шоу-бизнесінің тағы бір сырын жайып салды.

Ақбота Керімбекова, әнші:
- Жартылай жалаңаш шығады, өзін-өзі сататын әншілер бар бізде көп.

Кешью тобының экс әншісі Айдана Меденова топтан кеткелі бері, тасы өрге домалады. Отбасын құрып, жеке бизнесін ашты. Жақында ана атанды. Бүгінде, жеке әнші ретінде танылып жүрген Айдана бейнебаян түсіріп тыңдармандарын қуантуда.

Әнші келін атанғалы бері қысқа көйлектер мен шалбарлардан бас тартқан.

Айдана Меденова, әнші:
- Әмина деп қойдық есімін. Көмекші ретінде туысқандарым көп. Ата- анам бар. Әлішердің әкесі мен анасы.Көбінесе өзім, барлық жерге алып жүремін.

Ал, бір басына бес-алты мамандықты үйіп-төгіп алған әнші Айгүл Иманбаева әріптестерінің арасынан тым ашық киініп ел назарына түсіп жүрген әншінің есімін атады.

Айгүл Иманбаева, әнші:
- Лидо ашық киінеді.

Алайда оған еліктегісі келетінін де жасырмады.

Дегенмен, әнші өз елімізде Өзбекстан сынды ашық- шашық киінген өнер иелерін қатаң жазалап, заң қабылдаса қос- қолдап қолдайтынын айтады. Әзірге ол заңның ауылы алыс.

Айгүл Иманбаева, әнші:
- Жабық, әдемілеп те сол орамалды мың құбылтып тағып, көйлекті де мың құбылтып жабық қылып киіп шығуға болады. Мен мысалға ашық-шашық киініп сахнаға шыққанға зәру емеспін. Құштар болып тұрған мен жоқпын. Әр адам өзінің жасына сай киінуі керек.

Жақында өзбек әншісі Тамила елімізден пана іздеп келген болатын. Әлеуметтік желіге салған ұятсыз видеодан дау шығып кесірінен, әншілік лицензиясынан айырылып, елінен де қуылған-ды. Сонымен қатар, Юлдуз Усманова, Шахзодамен қатар 11 орындаушыға ескерту жасалған. Өнер иелеріне ашық -шашық киінуге тыйым салынатын заң, елімізде қашан қабылданатыны әзірге белгісіз..
31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста