Жүректі сазбен тербеген «Тұран»

Жүректі сазбен тербеген «Тұран»

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында  елге енді танылып келе жатқан «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің алғашқы күйтабағының тұсаукесер концерті өтті. Бұл өзі бір ерекше сипатта көрініс тапқан әдемі де әсерлі музыкалық кеш болды.

Кеш қашан басталады деп тағатсыздана күтіп отырған көрермен бір сәт дүр сілкінді. Әдеттегідей баяндама, құттықтау лебіздері мен жүргізушінің жаттанды сөздері айтылмастан, «Бақсы» атты авторлық-медитативтік көрініспен шымылдығын ашқан концерт ешкімге ұқсамайтын топтың қолтаңбасы айқындалып қалғандығын аңғартты. Одан соң жас музыканттар бірін-бірі қайталамайтын «Қазақ елі», «Дала сарыны», «Ана алақаны», «Аққу» сынды композицияларды жаңаша, тың үлгіде орындап, көрерменді сиқырлы әуенмен әлдилеп отырды. Тұсаукесер концерттің соңында орындалған «Той» композициясы театрландырылған көріністермен толықтырылып, сахнада шын мәнінде той басталып кеткендей әсер туды. Екі сағатқа созылған кеште «Тұран» таланттары жанды дауыспен шынайы өнер көрсетіп, әртүрлі аспаптарда шебер ойнай алатын мүмкіндіктерін көрсете білді.
Ұлттық өнерді жандандыруға шын ықыластарымен берілген ансамбль Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбетов, Хорлан Кәртенбаева, Серік Нұрмолдаев, Абзал Арықбаев есімді жас таланттардан құралған. Ал жаңа тұсауы кесіліп, өз тыңдарманымен қауышып отырған «Тұран» деп аталатын жаңа CD жинақта бас-аяғы 11 шығарма топтастырылған. Консерватория ректоры, әйгілі музыкант Жәния Әубәкірованың қамқорлығымен үлкен өнерге жаңа қадам басып келе жатқан топтың бұл тұңғыш жинағын шығаруға «Классик. КZ» ақылы радиосы, «EL» продюсерлік орталығы, «Қазақстан-Рекордс» студиясы қол ұшын берген.
Түркі дүниесінің музыкалық мұрасын ары-бері ақтарып, көне сарындарды бүгінгі тыңдарман талғамына ыңғайлап жетілдіріп, дамытуға үлес қосып жүрген «Тұран» тобы осыдан екі жыл бұрын ғана дүниеге келсе де, Еуропа мен АҚШ-тың беделді сахналарында шеберліктерін байқатып, талайлардың таңдайын қақтырып келеді.
«Тұранның» бір шығарма орындау кезінде дауылпаз дүрсілі, домбыра үні, қобыз сарыны, көмеймен ән салу, жетіген дыбысы, шаңқобыз бен сазсырнай сазы, өсімдік сыбдыры мен бұлақ сыңғыры – бір-бірімен ғажайып үндесіп жатады. Абайдың «сылдырап өңкей келісім» дейтін сөзін осы жағдайда қолдануға болатындай...

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, композитор, Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры:
– «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бүгінгі күні этномузыка саласындағы ең жас топ болып саналады. Құрылғанына аз уақыт болса да біраз жетістіктерге жетіп, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген болашағы зор ансамбльдің алар асулары әлі алда. Өздерінің ішкі рухани дүниелері бай талантты жастардан құралған бұл топ біреудің тапсырысымен немесе белгілі бір ресми қағаздарға сүйеніп жасақталған болса, онда оның келешегіне күмәнмен қарауға болар еді. Алайда «Тұранның» тірегі саналатын бес бірдей өнерпаз үлкен өнерге өз жүрек қалауларымен келіп отыр. Топ мүшелері үнемі бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, бірінің ақындығы бар болса, екіншісінің актерлік қабілеттері бар. Ал енді бірі би өнерін мықты меңгерген, бірінің көмеймен ән айтатын артықшылығы бар. Бір ғажабы, олардың бәрі де бірнеше аспапта ойнауды шебер меңгерген. Бұл –  тынымсыз еңбек пен ізденістің нәтижесі.
Бір айта кететін жағдай, ұлттық тамырдан нәр алып, көктеп келе жатқан осындай өнерпаздарға әзірге атқамінер азаматтар мен Атымтайлардан қолдау болмай отыр. Десек те, біз әркімге алақан жайып қарап отырған жоқпыз. «Тұран»  өзінің негізін ұлттық консерватория жанынан қалағандықтан, біздің оқу орны осы топқа үнемі қамқорлық жасап келеді. Қазірдің өзінде шетелдерден жақсы ұсыныстар, шақыртулар келіп жатыр.
Күні кеше ғана ансамбль өзінің тұңғыш альбомдарының тұсаукесерін концерттік бағдарлама ретінде ұсынды. Консерваторияның үлкен залына көрермендер көп жиналды. Қаншама адамдар «Тұранның» өнерін тік тұрып тамашалады! Бұл, ең алдымен, ұлт өнеріне деген құштарлықты оятты.

Мақсат САҒАТБЕКҰЛЫ, «Тұран» тобының мүшесі:
– Ансамбльдегі бесеуміз де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тәрбиеленушілеріміз. Біз белгілі бір жетістіктерге жетсек, ол – ең алдымен, ұстаздарымыздың арқасы. Жалпы, репертуарымыздағы музыкалық композициялар синкретті өнерге құрылған. Ол – поэзия, қарасөз, көмеймен қайлау, дәстүрлі ән мен бидің және табиғи дыбыстардың бір арнада тоғысуы сынды бірнеше жанрдың жиынтығы. Біздегі сазсырнай, шаңқобыз, домбыра, қылқобыз, күнтаяқ (сылдырмақтың бір түрі), жетіген секілді қазақтың көне аспаптарынан бөлек, заманауи аспаптар жоқ. Оның өзі топтың ерекшелігін көрсетеді. Дегенмен бізге әлі де тынбай еңбектену қажет.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста