Журфак түлектері университет тарихына қолтаңба қалдырды

Журфак түлектері университет тарихына қолтаңба қалдырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1993 жылы тамамдаған түлектер қайта бас қосты. Сол кездегі куратор Бауыржан Жақып 20 жыл бұрынғыдай студенттерін журнал бойынша түгендеп шықты. Символдық «нб» белгісін алғандар мен сабақтан «қашып кеткендер» де табылды. Бірақ бұл жолы ұстаз да, шәкірт те шат-шадыман. Түлектердің араға екі онжылдық салып кездесуі кезінде белгілі журналист Ермахан Шайхыұлының сол шақтағы естеліктерден құрастырған «Қолтаңба» жинағы көпшілікке таныстырылды.

Журналистика факультетіне 1988 жылы түсіп, оны 1993 жылы аяқтаған бұл топтың кураторы Бауыржан Жақып – бүгінде филология ғылымының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының коррес­пон­дент мүшесі, профессор, «Қазақ энцикло­педиясы» баспасының бас директоры. Арада талай жыл, алдынан талай студент өтсе де, Бауыржан ағай сол тобындағы шәкірттерін ұмытпапты. Ол студенттерінің қазір қай жерде қызмет ететінін де жатқа біледі. Университетті бітіргеніне 20 жыл болған бұл топтың ішінде, Гүлжанат Иманғазина – Павлодар облыстық теле­радио­компаниясының бас редакторы, Нұржан Қуантайұлы – «Шығыс – Ақпарат» холдингінің бас директоры, Гәкку Сәтбаева – «Қазақстан – Көкшетау» телеком­па­ниясының аға редакторы, Қаныбек Әбдуов – «Дала мен қала» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, Бауыржан Ғұбайдуллин – «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Нұрлан Қалқа – ҚР Президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Мұрат Қожамқұлов – «ҚазТрансГаз» компания­сының департамент директоры, Айнабай Мәдиев – «Алматы ақшамы» газетінің бөлім меңгерушісі, Серікқали Мұқашев – ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Ғабит Мүсірепов – «Нұр Астана» газетінің бас редакторы, Ермахан Шайхыұлы – сатирик, «Айқын» газеті бас редакторының орын­басары, тізім осылай кете береді. Ара­ларын­да «полковник», «подполковник» деген шені бар әскерилер көп. Темірбек Қожакеев атындағы мәжіліс залында өткен кездесуге 40-қа жуық түлек келді. Бір кездегі куратор оларды түгендеп шықты, аудиторияда болмаған Тамара Дәулет­баева, Нұрлан Қалқа, Арыстан Заппаров, Мұхтар Түменбаев сияқты экс-студенттерге «нб» таңбасы қойылса, кездесудің басында жүз көрсетіп, жоқ болған түлек Ғазиз Тастаевты курстастары «қашып кеткені» үшін жазалау керек деп қалжыңдасты. Білім алған қара шаңырағында сағынысып бас қосқан түлектер студенттік кездегі естеліктерінен тұратын «Қолтаңба» атты жинақты жария етті. 360 беттен тұратын кітапты журналист Ермахан Шайхыұлы құрастырған. Студенттерін «баға жетпес байлығым» деп есептейтін Бауыржан Жақып кітапқа алғысөз жазыпты. Жинақ­тың «Рух» деп аталатын бөлімі өмірден өтіп кеткен Темірбек Қожакеев, Марат Ысқақов сияқты ұстаздар мен автордың Мақсұт Дүйсеков, Біржан Белғара сынды курстастарына арналса, «Қалам мен қарым» деп аталатын бөліміне 1993 жылы оқу бітірген журналистердің өмірбаяны мен шығармалары енген.
Ермахан Шайхыұлы, жазушы, журналист, «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары:
– Курстастарымыздың бәрі респуб­ликамыздың түкпір-түкпірінде қызмет ат­қарып, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне хал-қадірінше үлес қосып келеді. Көбі баспасөзде, телеарналар мен радиоларда бас редакторлық қызмет атқарып жүр. Біз курстастарымызбен мақтанамыз. «Қолтаң­ба» аталатын жинақ осы түлек­тердің бірі – Нұржан Қуантайұлы басқаратын «Шығыс – Ақпарат» холдингінің баспахасынан басылып шықты.

Түлектер өздерінің №5 сүйікті жатақ­ханасына жиһаз сыйға тартты. Сонымен бірге журналистика факультетінде оқитын бес студентке 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақының үшеуі марқұм Мақсұт Дүйсеков, Біржан Белғара, Омарғали Мырзағалиевтердің атында, қалған екеуін «Шығыс – Ақпарат» холдингі мен «Өмір-ай» газеті ұсынып отыр. Ұлттық университеттің журналистика факультетінің қазіргі ұжымы бұл түлек­тердің сыйына дән риза. Айта кету керек, он жылдан артық уақыттан бері мұнда түлектердің жиырма жылдан соңғы кез­десулері дәстүрлі түрде үзілмей өтіп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста