Жүргенов «жұлдызды» түлектерін ұшырды
Бүгін Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «жұлдызды» түлектерін ұшырды. Төрт және алты жыл бойы білім алған студенттер бүгіннен бастап дипломды маман санатына қосылды.
Олардың арасында «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы қалың жұрқа танылған Аян Өтепбергенов пен Асылхан мен Артур Төлепов, «Дауыс KZ» тобының әншісі Бердібек Құлғараев пен Фарида Жолдасова бар.
Аян, Артур, Асылхан, Фаридалар бакалавр баспалдағының биігіне шықса , Бердібек Құлғараев академия қабырғасында алты жыл тәлім алып өнертану ғылымдарының магистрі атанды. Бұл тізімде әнші Дильназ Ахмадиева да бар.
Өнер иелері алдағы уақытта тыңдармандары мен көрермендерін тың туындыларымен қуантып, толағай табыстарға жетеді деп сенеміз. Ал әзірге, дипломдарыңыз құтты болсын!
baistars.kz