6 сағаттан аз ұйықтайтын адамның өміріне төнетін қауіп көп

6 сағаттан аз ұйықтайтын адамның өміріне төнетін қауіп көп

Психологтар қанша ұйықтаса да ұйқының қанбауын күйзеліспен байланыстырса, дәрігерлер денсаулықтың нашарлығынан көреді.

6 сағаттан аз ұйықтайтын адам ерте қайтыс болуы мүмкін. Себебі, түнде ең маңызды гормондар бөлінеді. Ал адам 12-ден кейін ұйықтаса, оның иммунитеті төмендейді. Ауруға шалдығады, денесін шаршаңқылық басады. 

"10-да жатып, таңертең 7-де тұруға организмді үйретсе, міндетті түрде адамның ұйқысы қанады. Біз заман талаптарына сәйкес, белсенді өмірімізге байланысты, қазір біз смартфонды көп қолданамыз. Ұйқының алдында дұрыс тамақтанбаймыз. Немесе кофеин қолдануымыз мүмкін. Көп су ішуіміз мүмкін. Осындай ұйқы гигиенасын сақтамау, адам ұйқысының қанбауына әкелуі мүмкін", - дейді дәрігер Жаниба Ерболатқызы.

Әлемдегі 8 миллиардқа жуық адамның төрттен бірі ұйқысыздықтан зардап шегеді. Әсіресе, көктем мезгілінде адам әлсірейді. Басын жастық тартып, ешнәрсеге зауқы соқпайды.

Психолог Гүлдана Нұрболатқызы оның себебін былай түсіндірді: "Адам қатты күйзеліске түскен кезде, бойындағы стрестен арылу үшін көбіне көп тамақ ішеді немесе ұйқыға бейім болады".

Өміріміздің үштен бір бөлігі ұйқыдан тұрады. Егер сіз 90 жыл өмір сүрсеңіз, оның 30 жылы ұйқымен өтеді. Адам күніне 8, айына 240 сағат, жылына 120 күн демалады. Осының өзінде үнемі ұйқысырап жүретіндер бар. Мамандар оларға спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға кеңес береді. Тіпті уақытылы оятатын арнайы мобильді бағдарламаны қолдануды ұсынады.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста