Бауыр үшін қауіпті 7 тағам

Кейбір тағамдар адам ағзасындағы маңызды органдардың бірі – бауырға тікелей қауіп төндіреді. Олардың ішіндегі ең қауіпті жетеуін атап айтуға болады.
Ең алдымен мамандар құрамында қанты бар тағамдарды аз жеу керегін есакертуде. Олардың қатарында – қауіпті химиялық зат, хош иістендіргіш пен бауырдың тиімді жұмысын қиындататын қоспалар кіретін газдалған сусындар.
Сондай-ақ консервіленген жемісті шамадан тыс пайдаланбаңыз. Оның құрамында да фруктоза көп. Бұл қантқа ұқсас әсер беруі мүмкін.
Сонымен қатар бауыр артық тұздан зардап шегеді. Мысалы, чипсы немесе кептірілген нанның бір пакетінде тұздың күнделікті нормасының жартысы бар. Мамандар алкогольді, әсіресе күшті алкогольді сусындарды шамадан тыс ішуге болмайды. Себебі бұл бауырды күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
aikyn.kz





