Дәрігер иммунитет үшін ең маңызды элементті атады

Дәрігер иммунитет үшін ең маңызды элементті атады

Магний – адам ағзасы үшін маңызды минералдардың бірі. Ол иммунитетті ұстап тұру үшін қажет элемент болып табылады. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, диетолог Римма Мойсенко “Sputnik радиосына” берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Магний ағзада болатын 300-ден аса химиялық реакцияға жауап береді. Егер магний деңгейі төмен болса, иммундық жауапқа қатысатын қалқанша безінің қызметі баяулайды, кортизол мен адреналин бөлінуі нашарлайды. Сонымен қатар магний аз болса, жасушалар арасындағы бос орын майларға толады. Бұл артық салмаққа әкеп соғуы мүмкін. Әрі қышқылдық орта сілтілік ортаға қарағанда басымдыққа ие болады. Демек патогендік флора өседі деген сөз", - деп түсіндірді диетолог. 

 
Дәрігер күз кезінде, түрлі инфекциялар тараған уақытта магнийдің жетіспеушілігі қауіпті болуы мүмкін екенін қосып өтті. Бұған жаздың ыстық болуы да әсер етеді дейді.

"Жазда ауа температурасы жоғары болды. Тер бөліну кезінде магний азайды. Бұл иммундық жүйенің төмендеуіне әсер етеді", - дейді дәрігер. 

"Магний сабырсыз, ашушаң, тез шаршайтын адамдарда үнемі жеткіліксіз болады. Магнийдің деңгейін анықтау үшін қан сараптамасын өткізуге болады", - деп қосты диетолог. 

Дәрігер магний деңгейін көтеру үшін ағылшындық магний тұзын, магний ваннасын, магний қоспасын қолдануға болатынын айтады. Сонымен қатар магний жаңғақ, жидектер мен жасыл шәй, дәнді дақылдар мен қауынның кұрамында көп мөлшерде болады. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста