ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ: ЖАРАҚАТТАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Спорттағы жеңіс - командалық жұмыстың жемісі. Себебі, жеңіске жету жолында спортшыдан бөлек бірнеше сала мамандары бірдей еңбек етеді. Атап айтқанда, спорттық дәрігерлер мен диетолог мамандары, массажист пен психологтың жұмысы спортшының жарыс кезінде сенімді жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.
Осыған орай, Olympic.kz спортшының жеңіске жетуіне қолғабыс жасап жүрген сала мамандарынан кеңес беруді әрі қарай жалғастырады. Бүгін Ұлттық Олимпиадалық комитетінің спорттық дәрігері Талғат Абдымамынов спортшыларға бірнеше кеңестерімен бөліседі. Атап айтқанда, жарақатты болдырмау және оның алдын алу, жарақаттанған жағдайда қалай дұрыс қалпына келтіруге болатыны жайында әңгімелейді.
Сергіту сәті - спортта жоғары нәтижеге қол жеткізуге негізгі кілт
Спорт болғананн кейін жарақатсыз болмайды. Жарақатсыз жүру үшін өте сақ жүру керек. Ол үшін әуелі спортшы өте жақсы қалыпта болуы тиіс. Жаттығудың алдында жарты сағат бұрын келіп, бұлшық еттерін жаттығып, керіліп-созылу жаттығуларын үнемі, қалыпты түрде жасап отыру керек. Себебі, бірден жұмысқа, жаттығуға, жарысқа кіріскен кезде бұлшықеттер тартылмаған, дайындалмаған болса, спортшыға кері әсерін тигізеді және жарақат алуына түрткі болады. Сондықтан, жаттығу алдындағы сергіту сәті &ndash сәттіліктің негізгі кілті болып табылады.
Спортта әуелі ұйқы режимі қалыпты боулы керек
Жаттығуға кіріспес бұрын да бірнеше факторды ескерген жөн. Мәселен, ұйқы. Ұйқы деген бізге қарапайым және маңызы төмен болып көруні мүмкін. Бірақ, ұйқы - кәсіби спортта өте үлкен рөл ойнайды.
Дұрыс тамақтану
Спортшылар қалыпты тағамдардан бөлек витаминдер мен спорттық тағамдарды реттілікпен қабылдап отырады. Жоғарыда аталғандарды ескермегенде, дұрыс тамақтануды қолға алса, бұл да жарақаттан сақтайды.
Әрине, ұйқы режимі сақталған, дұрыс тамақтанып, сергіту сәтін бұлжытпай орындап жүргендер жарақаттан ада болады дегенді білдірмейді. Жааттығу кезінде әдіс-тәсілді қате жасау, дұрыс құламау да жарақаттануға алып келеді. Жарыс барысында жарақаттану-жарақаттанбауың тек саған емес, спорт түрі мен қарсыласқа да байланысты.
Егер жарыс немесе жаттығу барысында кез келген дене жарақатын алсаңыз алғашқы 24 сағат ішінде жарақат алған жерді қатырып қою керек. Одан кейін ісінудің алдын алып, ішке қан кетуді тоқтатамыз да, сарапатама жасаймыз. Жарақаттың маңыздылығына байланысты дәрігерлер одан кейін не істеу керегін шешеді.





