Дәруменнің бәрі пайдалы емес

Дәруменнің бәрі пайдалы емес

Қазір әлеуметтік желілерде балаларға арналған көптеген дәрумендерді, мультидәрумендерді жарнамалап жатады. Балалардың иммунинетін көтеруге, есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі дегенді жиі естиміз.
Жарнамаларға сенуге бола ма? Оқырманның мұндай салауына маман жауап берді.


Динара Оңласынқызы, педиатр:
Кез келген дәруменді жарнамаға сеніп сатып алып, балаға беруге
болмайды. Иә, қазір әлеуметтік желілерде адамды барынша
сендіретін жарнамалар толып жүр. Небір дәрумендерді мақтап,
педиатрлар кеңес береді деп те ұсынып жатады. Дегенмен кез келген
дәріні, дәруменді, тіпті бұрын жеп көрмеген тағамды балаға берерде
абай болу керек. Өйткені балалардың ағзасына не нәрсе қалай әсер
ететінін білмейсіз. Егер балаңыздың ағзасына қандай да бір дәрумен
жетіспейтін болса, оны дәрігер анықтайды. Өзіңіз тіркелген
емханаға барып, дәрігеріңізбен кеңесіп, қан талдамасын
тапсырғаннан кейін ғана балаға ішуге болатын дәрумендерді
алуыңызға болады. Мысалы, кейбір балаға Д дәрумені, кейбір
балаға кальций жетіспей жатады. Бірақ бұл дегеніміз осы
дәрумендерді үнемі ішу керек деегенді білдірмейді. Дәруменді
қандай мөлшерде, қанша уақыт ішу керектігін дәрігер маман ғана
айта алады. Сондай-ақ дәрумендерді әркімнен емес, тек арнайы
дәріханадардан алған жөн. Ал әлеуметтік желілерде
жарнамаланатын дәрумендердің бәрін дәрумен деп айтуға келмейді,
олардың көбі – биологиялық белсенді қоспалар. Иә, БАД құрамында
көптеген пайдалы дәрумендер болуы мүмкін. Бірақ бұл барлық
баланың ағзасына жағымды әсер береді деген сөз емес. Тіпті кейбір
балалар БАД қабылдағаннан кейін қатты ауырып қалуы да мүмкін.
Менің тәжірибемде ондай да жағдайлар кездесті. Бір балаға анасы
алып берген дәрумен жақсы әсер етсе, енді бір балада аллергиялық
әсер берген, тағы бір баланың іші өкен. Сондықтан бала
денсаулығына қатысты дұниелерге келгенде сақ болыңыздар дер
едім. Әр ана баласының денсаулығына жауапты. Ең дұрысы,
баланың уақытылы тамақтануын, таза жүруін, таза ауада
серуендеуін, ұйқысының тыныш болуын қадағалаңыз!

Әзірлеген Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста