Диетолог мерекеден кейін қалай арықтауға болатынын айтты

Диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Маргарита Королева жаңа жылдық мерекелерден кейін арықтаудың әдісін атады, деп хабарлайды Life.ru.
Оның айтуынша, артық салмақтан арылғысы келетіндердің ас мәзірінің 50%-і буға пісірілген көкөніс болуы керек. Маман тәулігіне 500-700 грамм көкөніс жеуге кеңес берді.
"Олар иммунитетті сақтауға жағдай жасап қана қоймайды, сонымен қатар жақсы детоксикацияны қамтамасыз етеді. Тәтті және майлы тағамдар салдарынан ағзада жинақталған өнімдерді кетіреді", - деді дәрігер.
Ол диетаға витаминдерді қосып, табиғи протеиндерді көбірек жеген жөн екенін атап өтті.
"Аптасына екі-үш рет қызыл ет жеу керек. 45 жастан асқан адамдар үшін - он күнде немесе аптасына бір рет", - деп қосты ол.
Диетологтың айтуынша, тұздан бас тарту керек, өйткені ол ылғалды сақтайды. Сондай-ақ, маман дене артық заттардан тез арылуы үшін көп су ішуді ұсынды.
"Егер тұздан бас тартып, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішсек, жинағанымыздың жартысынан көбін жоғалтамыз. Нәтижесін бірден сезінесіз", - деді дәрігер.





