Энергетикалық сусын салдарынан жүрек ауруымен түсетін науқас көбейді – алматылық кардиохирург

Энергетикалық сусын салдарынан жүрек ауруымен түсетін науқас көбейді – алматылық кардиохирург

Алматыда жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары жасарып келеді. Бұл туралы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, бұрында 60-70 жастан асқан қарттар жүрек-қантамыр ауруларымен жиі шағымданатын. Ал қазіргі таңда жүрек ауруының әртүрлі формалары бар науқастар көбейген.

 

«Жүрек ауруларының негізгісі – артериялық гипертензия. Тағы бірі инфаркт – бұл стресстен, эмоционалды жүктемеден, энергетикалық сусындарды көп ішудің салдарынан болады. Бізге сондай-ақ энергетикалық сусындарды ішудің салаларынан пайда болған әртүрлі жүрек ауытқулары бар науқастар келеді», - деді Алмат Кодасбаев.

 

Ол қазіргі таңда энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге дұрыс көңіл бөлінбей жатқанын айтты.

 

«Бұл сусындарды өндірушілер оны ағзаға зиянды деп санамайды. Науқастар анамнез кезінде энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынғандарын айтады. Олардың жүрек көрсеткіштері өзгерген, жалпы патология бар. Энергетикалық сусындарға тыйым салынбайды. Дегенмен, денсаулығын күтетін әр азамат жарнамасына қарамай, бұл сусындардың ағзаға зиянды екенін білуі қажет», - деді кардиохирург.

 

Дәрігер мұндай жаман әдеттерден бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, тұтынатын тағамдардың сапасын қатаң бақылауға кеңес берді.

 

«Әр адам бала кезінен денсаулығын күту керек. Қалыпты тамақтану, жұмыс және демалыс режимін сақтау керек. Сонда жүрегіңіз ғарышкердікіндей болады. Ал ғарышкерде тұрақты қан қысымы, тұрақты импульс, қалыпты диапазондағы биохимиялық көрсеткіштер болады. Ғарышкердің денсаулығы осындай болады», - деп түсіндірді кардиохирург Алмат Кодасбаев.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста