Көктемде «көтерілетін» аурулар бар

Көктемде «көтерілетін» аурулар бар

Адам ағзасы үшін ерте көктемдегі кезеңнің де өзіндік қиындықтары бар. Бұл кезде ағза әлсіз, иммунитет біршама төмен, сондықтан кейбір созылмалы аурулар осы кезде «құтырып» кетеді.

Ашулансаңыз, асқазанға қиын

Әсіресе асқазан кінәраты бар адамдарға қиын. Асқазанның ойық жарасынан зардап шегетіндер қыстың көктемге ауысар шағында қиналады. Мамандар мұның нақты себебін анықтаған жоқ, әзірге қыс бойы қуатты тағамға үйренген ағза бірден жеңіл тағамға ауысқасын осылай болуы мүмкін деген болжам ғана бар. Бұл кезде жүйке жүйесіндегі ауытқулар да (өкпе-реніш, ашу-ыза, көңіл құлазуы, т.б.) асқазанға салмақ салады екен. Сондықтан көктемде барынша ұстамды болуға тырысу керек. Диета ұстанса, тіпті жақсы. Ащы, қышқыл, ысталған тамақтардан, кофе, алкоголь, темекіден бойды аулақ салған жөн.

Қуықты суықтатпаңыз

Мамандардың есебінше, ерте көктемде цистит, пиелонефрит аурулары да қозады. Оның басты себебі суықтаудан. Бұл әсіресе қыз-келіншектер арасында жиі кездеседі. Себебі олар көктем шықты деп жеңіл киімге көшеді. Осыдан цистит, пиелонефрит өршіп, емделмесе, ол созылмалы түрге айналады. Сондықтан бұл аурулардың алғашқы белгісі білінісімен-ақ (зәр шығаруда қиналу, қуықтың шаншып, «тіліп» ауыруы, т.б.) дәрігерге көріну керек, әйтпесе инфекция бүйрекке түсіп, оны қабындырады. Мұндайда өз бетімен емделу қауіпті.

Тұмау да «тиіседі»

Бұл кезде, бір қызығы, кейде тұмау да көбейіп кетеді. (Біз оны көбіне қара күз бен қыстың алғашқы айларында күтеміз). Себебі осы маусымда ауада ылғал көп, ағза қыстан әлсіреп шыққан, сондықтан көпшілік ортадан түрлі жұқпалар, өкпе, бронх ауруларын жұқтырып алу қаупі бар. Ал оның алдын-алу үшін ауа райына сай киініп, дұрыс тамақтанып жүру керек. Ағзаны қажетті витамин, минералдармен қамтамасыз еткен жөн. Жеке бас тазалығын сақтау, бөлмені таза ұстап, желдетіп тұру қажет. Самырсын, шырша, бергамот, түймедақ, шай ағашының эфир майларын пайдаланып тұрса, жәрдемі тиеді.

Гаймориттен сақтаныңыз

Суықтап аурудан дер кезінде емделмесе, мұрын қуысының бітелуі гайморитке ұласуы да ықтимал. Мұндайда дене қызуы көтеріліп, бас ауырады. Сондықтан дәрігерге көрініп, мұрын қуысын тексерту керек. Анықталған нәтижеге орай дәрігер антибиотиктер немесе саңырауқұлақ ауруларына қарсы дәрілер тағайындайды. Кейбір дәрігерлер мұндайда бірден мұрын қуысын тесу арқылы тазартуды ұсынады, дегенмен бұл бір керемет пайдалы әдіс емес, сол себепті емделудің басқа, жеңілдеу тәсілін сұрастырған дұрыс.

Теріге бөртпелер үйірсектейді

Көктемде теріде түрлі бөртпелер пайда болады. Бұл ағзаның қорғаныс қабілеті төмендеуінен. Соған байланысты кейбір май бездері өз жұмысын қалыпты жүргізе алмайды, оған қоса түрлі стрестер, депрессия, кейде асқазан-ішек жолы жұмысындағы қалыпсыздықтар да әсер етеді. Бұл кезде теріге әсер ететін микроорганизмдер де көбейеді. Мысалы, төсек жаймаларында, шаң-тозаңда, құс жастықта тіршілік ететін аса ұсақ кенелер (демодекоз) ағза әлсірегенде түрлі бөртпелер, көзде блефаро, конънюктивит туындатады. Ал мұндай жайсыздықтар мазалағанда ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтетін витаминдер қабылдаған, болмай бара жатса, дәрігерге көрінген дұрыс.

С. КЕРІМБАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста