Көлікте жүрек айныса...

Көлікте жүрек айныса...

Кейбір адамдардың көлікке мінгенде жүрегі айнып жатады. Бұл ауру медицинада "кинетоз" немесе "қозғалыс" ауруы деп аталады.

 Бұл термин ең алғаш рет адамдар теңізга шыққанда пайда болған екен.  Теңізшілердің толқында жүрегі айнығанда бұған көндігуден басқа амалдары болмады. Қазір де адамдар автокөлік, автобус, пойыз, ұшақ және өзге де қозғалыс көлігімен жол жүргенде жүрегі айнып жатады. Бүгінде жүрек айнуды басатын жолдары көпшілік.

Дәрігер Оралхан Дәуітқызының айтуынша, "қозғалыс ауруы" немесе "кинетоз" жұқпалы ауру емес. Адамның денесі физикалық тұрғыдан шамадан тыс қозғалысқа жауап ретінде тітіркенудің белгілі бір механизмдерін қосады.

Кинетоз екі жасқа дейінгі нәрестелерде кездеспейді екен, жасөспірім балалардың жүрек айнуы саяхатқа әжептәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ жүкті әйелдер "қозғалыс ауруына" сезімтал келеді.Мұндай кезде адамда құсу, жүрек айнуы, сілекейдің көп бөлінуі, терлеу белгісі жиі болады және иіске тым сезімтал болып кетеді. Мұндай жағдайда мамандар мынандай кеңестер береді: Сапарға шығар алдында көліктің ішін тазалап, желдетіп алу керке; жолға шығарда 1-2 сағат бұрын тамақтанған жөн, саяхат кезінде жаңғақтар, кептірілген жемістер жеп,  лимон немесе имбирь қосылған су, тәтті шай ішуге болады; кинетозбен ауыратын адамдар көлікте кері бағытқа қарап отырмағаны абзал және көліктердің орта тұсында отырғаны дұрыс; машинада жатқаннан гөрі, ыңғайлы отыру керек; смартфонның, планшеттің экранына қарамаңыз, көлік жүргізу кезінде кітап оқымаңыз; қазір "қозғалыс ауруына" көмектесетін фармацевтикалық өнімдер де жетерлік, дәрі-дірмекті нұсқауларға сәйкес қабылдау керек.

 Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста