Өмірді ұзартып, қартаюды баяулататын көкөністер

Өмірді ұзартып, қартаюды баяулататын көкөністер

Гастроэнтеролог, терапевт Вера Самсонова жастықты сақтау үшін қызанақ, көкжидек және қарбызды жиі жеу керегін айтты. Бұл туралы Мassaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Самсонованың айтуынша, тағамда жас келген сайын ағзадағы өзгерістермен күресуге көмектесетін бірқатар компонент бар. Бұлар антиоксиданттық қосылыстар, ферменттердің бөлігі болатын микроэлементтер, жасушалық зақымдануды қалпына келтіруді ынталандыратын май қышқылдары.

 

Қартаюға қарсы тамақтанудың негізгі компоненттері - ликопен, антоцианиндер, селен, кремний, С, А, Е және В7 дәрумендері, сондай-ақ омега тобындағы қанықпаған қышқылдар.

 

"Қазір базарлар мен дүкен сөрелерінде жаңа піскен маусымдық жемістер көп, осындайда өзіңіз үшін ең пайдалы қартаюға қарсы өнімдерді таңдай аласыз. Олар өте қолжетімді, қымбат емес, сондықтан оларды диетаңызға қосыңыз", - дейді дәрігер.

 

Маманның айтуынша, мұндай өнімдерге қарбыз, қызанақ, көкжидек, қызылша жатады. Бұл көкөністер С витаминінің, антоцианиндердің, антиоксиданттардың көзі.

 

"Қарбыз бүйректің жұмысын жақсартып, организмнен аралық зат алмасу өнімдерін шығаруға көмектеседі", - дейді гастроэнтеролог.

 

Дәрігер, сонымен қатар, диетаны жануар, құс етімен, жабайы балықпен, тұтас дәнді нанмен және бұршақпен әртараптандыруға кеңес береді.

 

"Қартаюмен күресу үшін антиоксидантты жасыл және шөп шайлары, өсімдік майлары, алма, сарымсақ және жасыл пияз, шөптер мен авокадо, теңіз балдырлары (ламинария), теңіз өнімдері тамаша көмекші бола алады", - деп қорытындылады Самсонова.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста