Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға карантин 7 күнге қысқармақ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға карантин 7 күнге қысқармақ

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова коронавируспен ауыратын науқастардың, симптомсыз және байланыста болғандардың карантинін қысқарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз жұма күні әріптестерімізбен ZOOM-кездесу өткіздік, халықаралық тәжірибені зерттедік. Шынында да, әлемде қазір карантин мерзімі қысқарып келеді. Әзірге біз бас мемлекеттік дәрігердің қаулы жобасына байланыста болған және симптомсыз адамдар 10 күнге дейін карантинде болады деп енгізуді қарастырып отырмыз", – деді Айжан Есмағамбетова.

Жетінші тәулікте тестілеу өткізіп, теріс нәтиже болған жағдайда 7 күннен кейін карантинді аяқтап, жұмысқа шығу құқығы берілетінін айтты.

"Егер тестілеу қандай да бір себептермен өткізілмесе, тіпті тестілеу жасағысы келмейтін азаматтар бар, олар карантиннің аяқталуын күтеді. Олар үшін карантин 10 күн бойы сақталады. Яғни 10 күннен кейін олар ПТР-тест тапсырмай, карантинді аяқтап, жұмысқа шыға алады", – деп нақтылады комитет төрағасы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта науқастар үшін карантин мерзімі 14 күнді құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста