Құйрық май қауіпсіз емес

Құйрық май қауіпсіз емес

Құйрық май халық емінде жиі пайдаланылады. Әсіресе, әжелеріміз жаңа туған нәрестелерді қойдың майымен сылап, майлап жататын. Сондай-ақ балаларға суық тиіп, тұмауратқанда да құйрық майды сорғызады, арқасына, табанына жағып қояды.

 Құйрық майдың халық емінде пайдасы жоқ емес болар, дегенмен денсаулық сақтау саласында, халықаралық деңгейдегі стандарттарда құйрық маймен емдеу қолданылмайды. Өйткені, құйрық майдың денсаулыққа пайдасы, соның ішінде балалардың денсаулығына әсері ғылыми түрде дәлелденбеген. Алматы қаласы № 7 емханасның дәрігері Ақнұр Бауыржанқызының айтуынша, үй жағдайында құйрық майды жөнсіз қолдана беруге болмайды.

 «Бұрын да, тіпті қазіргі кезде де әжелер мен аналар кішкентай балаларды құйрық маймен сылап жатады. Бірақ бір нәрсені ескеру керек, құйрық майдың ертеректе медицина дамымай тұрған кезінде ем үшін пайдаланылғаны рас. Алайда нәресте ауырса, оны маймен емдеп аламын деу әбестік. Әсіресе тұмауратып ауырып тұрған баланың кеудесін маймен мүлде сылауға болмайды. Өйткені баланың тыныс жолдары одан сайын қабынып, обструктивті бронхитке ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан құйрық майды ем үшін пайдаланғанда бала денесінің температурасын ескеру керек. Сондай-ақ кейбір балаларда қойдың майына аллергия болуы мүмкін немесе майдың иісі баланы лоқсытып, жүрегін айнытады. Мұның бәрі баланың денсаулығына кері әсер етеді. Жаңа туған нәрестені қойдың майымен сылап, оны бесікке бөлеуге болмайды. Баланың ыстығы көтеріліп, тыныс алуы нашарлап, ауруханаға түскеніне талай рет куә боладық», –дейді дәрігер.

 Педиатр Ақнұр Бауыржанқызының айтуынша, бір жасқа толмаған, тіпті одан да ересектеу балаларға құйрық майды сорғызудың да қаупі бар. Сондай-ақ кейбір аналар баланың жөтелін қойдарымыз деп майды сүтке қосып ішкізіп жатады. Бұл да дәрігерлер құптай бермейтін ем. Өйткені құйрық майдың құрамы өте құнарлы. Мұндай ауыр тағамды сәбидің бүйрек, бауыр ұйқы безінде май ферменттерін ерітетін без әлі толық қалыптаспаған.  Сондақтан балаларда өт және ішек жолдарының ауруы пайда болуы ықтимал.

 «Жалпы кез келген майды балалар массажына қолдануға болмайды. Өйткені баланың тері саңылаулары түрлі сұйықтықпен бітеліп қалса, зат алмасуы бұзылып, тыныс алуы тежеледі, баланың физиологиялық дамуы тежеледі», дейді маман.

Айнұр Сенбаева 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста