Шаштың жиі түсуі қандай ауру түрлерінің белгісі болуы мүмкін: отандық дәрігер жауап берді

Шаштың жиі түсуі ағзадағы бұзылыстың, қандай да бір патологияның белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыдағы №36 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Гүлназ Юсупова айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Адамда күн сайын шамамен 100 тал шаш түссе, бұл - қалыпты жағдай, шаш бұдан көп түсетін болса ағзадағы патологиялық процестерден хабар беруі мүмкін", - дейді дәрігер. Бұл ретте, Гүлназа Юсупова шаштың шамадан көп түсуіне себеп болатын ауру түрлерін атады.
Олар: қалқанша без, гипоталамус-гипофиз жүйесі, аналық без, бүйрек үсті безі аурулары; аутоиммунды аурулар (түйінді зоб, идиопатиялық гипопаратиреоз, Хашимото тиреоидиті); дерматологиялық аурулар (себорея, псориаз, экзема); ішкі орган аурулары (гастрит, колит, бүйрек және бауыр аурулары); авитаминоз; созылмалы инфекциялар (тонзиллит, синусит, синусит); цитомегаловирус инфекциясы, мерез; туберкулез; иммун тапшылығы жағдайлары.
Дәрігердің айтуынша, егер адам шаш тарағанда, бас сүрткенде, сондай-ақ жатын орыннан, басқа да тұрмыстық заттардан көп мөлшерде шаш түскенін байқаса, алдымен маманға көріну керек. Емдеу шараларын жасамас бұрын, дәрігермен бірге оның себептерін анықтау қажет дейді маман.





