Саусақтарды қытырлату зиян ба? Дәрігер не дейді

Белгілі қазақстандық дәрігер, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан травматологтар қауымдастығының вице-президенті Қанат Тезекбаев буындарды қытырлату зиян ба, деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Травматологтың айтуынша, саусақтарды қытырлатудың ауыр зардаптары туралы тікелей дәлелдер жоқ, бірақ теориялық тұрғыдан мұндай әдет буындар мен сүйектерге кері әсер етуі мүмкін.
"Адамдарда саусақтарын қытырлатып немесе мойнын оңға-солға айналдырып, қозғалыс жасайтын әдеті бар. Содан кейін жеңілдеп қалғандай сезінесің. Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Себебі сүйектер бір-біріне үйкеліп, қажалады. Уақыт өте келе адамдардың өзі бұл әдеттен алыстайды деп ойлаймын", - деді Қанат Тезекбаев.





