Тек жеміс диетасын ұстанудың қаупі айтылды

Тек жеміс диетасын ұстанудың қаупі айтылды

Бүгінде диетаның түрі көп, соның бірі - жеміс диетасы. Тек жемістерді тұтыну ағзаға қаншалықты пайдалы? Қазақстандық гастроэнтеролог Жанар Набидуллина осы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды TengriMIX. 

Жанар Набидуллинаның айтуынша, тек жеміс-жидек диетасын ұстаудан, яғни, күні бойы банан, алма, шабдалы жеуден ағзаға зиян келуі мүмкін.

"Иә, жемістерде талшық, дәрумен, минерал, түрлі антиоксидант пен өсімдік қосындысы бар. Алайда тек жемістерден тұратын диета қоректік зат жетіспеуіне әкеп соғуы, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, кейбір ауру түріне шалдыққан адамдарға жеміс диетасы теріс әсер етуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Жанар Набидуллина ағзаны қоректік заттың барлық түрімен қамтамасыз ететін қалыпты тамақтануды ұстану маңызды екенін атап өтті. Диета рационын жасаған кезде адамның жеке денсаулық жағдайы ескерілу қажет.

Дәрігер тамақтанудың бірнеше принциптерін айтты:

- үнемі тамақтану. Диета қалыпты әрі құрамында түрлі тағам болуы керек. Бұл жағдайда адам денсаулығының ерекшелігін ескере отырып, тағамдардың калориясын сақтау керек;

- ауыз су режимін сақтау;

- әртүрлі жаңа піскен көкөністерді жеу, мүмкіндігінше тамақтанған сайын;

- маусымдық жемістер мен жидектерді тұтыну;

- тұзды аз тұтыну (күніне 5 граммға дейін);

- тазартылған өнімдерді пайдалануды шектеу (мысалы, тазартылған қант).

"Күнделікті су ішу әр адамның ағзасының ерекшеліктеріне (бүйрек және басқа функцияларға) байланысты болады. Сондай-ақ, қоршаған орта температурасын да ескеру қажет", - дейді сарапшы.

TengriMIX. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста