Уролог боди-массаждың жігіттерге зияны туралы айтты

Уролог маман соңғы кездері жас жігіттердің боди массаждың зардабын тартып жүргенін айтып дабыл қақты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігер бұл туралы желідегі оқырмандарына кеңес ретінде айтқан.
"Соңғы кездері жас жігіттердің арасында "боди массажға барып едім" деген шағымдар көбейіп кетті. Жыныс жолдарынан тамған бір тамшы шырышты бөлінді үрпіге түсетін болса ол жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларға алып келуі мүмкін. Соның арқасында үрпіден әр түрлі бөлінділер бөлініп шағымданып келіп жатады. Біз олардың барлығын жыныстық жолмен жұғатын инфекцияға тапсыртамыз. 99 пайызынан инфекция анықталып жатады. Сондықтан да бұл дұрыс емес жағдай. Нәпсіні тию керек. Және уақытында емделу керек", - деген ол.





