Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігер кеңесі

Ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігер кеңесі

Еліміздің бірқатар өңірінде күн ыстық болады. Осы орайда елордадағы емханалардың дәрігерлері ыстық күндері денсаулыққа күтіммен қараудың жолдарын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаладағы дәрігерлердің айтқан пікірлерін көпшілік назарына ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Ыстық өтіп кеткенде дене температурасын реттеуге жауап беретін компенсаторлық функциялар бұзылады. Ыстық күндері майлы, тұзды тағамдарды жемеу керек», - деді №1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Алина Боргекова.

 

Маманның айтуынша, күн өткен кезде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі және бас ауырады, сондай-ақ кейбір жағдайда адамдар естен тануы мүмкін. Ыстық күндері жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар өз денсаулығына күтіммен қарауы керек.

 

«Мұндай кезде тромбоз болуы ықтимал және қан қысымы құбылып тұрады. Қатты ыстық стенокардия дертін қоздыруы мүмкін. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар жылдың осы уақытында денсаулығына күтіммен қарауы керек», - дейді № 4 қалалық емхананың кардиологы Жанат Сұңқарбекова.

 

Дәрігерлер негізгі терапия талаптарын ескеруді және қажет дәрі-дәрмекті өздерімен бірге алып жүруге кеңес берді.

 

«Күн қатты ыстық уақытта далада көп отырмау керек. Суды көбірек ішкен дұрыс болады. Бірақ кофеин мен қанты бар сусындарды алмаған абзал», - дейді Ж. Сұңқарбекова.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста