Жақсы әдет дағдыға айналса...

   Жақсы әдет дағдыға айналса...

Көп адам салауатты өмір салтын ұстануды үнемі өзіңді шектеу деп түсінеді. Шындығында, тән мен жанның сау әрі сұлу болуына күнделікті өміріңді түпкілікті өзгертпей-ақ та қол жеткізуге болады. Жақсы әдеттерді біртіндеп өмір салтыңызға енгізсеңіз жеткілікті. Ендеше, денсаулыққа оң әсер ететін әдеттерді біле жүрген жөн.

 1. Суды көп ішіңіз. Ересек адамға күніне 8 стакан су ішу керек. Шай мен кофені таза сумен алмастыруға әдеттеніңіз. Ұйқыдан ояна салысымен 1 стакан су ішсеңіз, ағзаңыз да оянады.

2. Таңғы асты қалдырмаңыз. Таңертең тәтті тоқаш пен кофеден гөрі ботқа, жұмыртқа секілді тойымды, пайдалы ас ішкен дұрыс.

3. Диетолог мамандар әрбір тамақтану кезінде көкөністерді, құрамында ақуыз бар ет, сүзбе, балық, жұмыртқа секілді тағамдарды жеуге кеңес береді. Фастфудтан, түрлі тәттілерден біртіндеп бас тартқан жөн. Алғашында қиын болуы мүмкін, бірақ 1,5 аптада зиянды тағамдарға деген тәбетіңіз төмендейді.

4. Уақытымен тамақтануға тырысыңыз. Ұйықтар алдында ең болмағанда 2 сағаттай тамақ ішпеңіз. Әр тамақтану арасы 3-4 сағаттан артық болмауы керек. Қарныңыз аша бастаған жағдайда аздап тіскебасар жеуге болады.

5. Ұйқыңыз тыныш болсын. Жатын орныңыз ыңғайлы, жастығыңыз бен төсенішіңіз  қатты болуы керек. Жатын бөлмеңізді кешке қарай желдетіп алуды ұмытпаңыз.  

6. Дені сау болу үшін ересек адам тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы керек. Біз кейде қатты шаршағанша жұмыс істейміз, 20 сағат ұйықтамай жүріп аламыз. Бұл денсаулықтың нашарлауына әсер етеді.

7.  Егер физикалық жұмыстан қатты шаршасаңыз, үйге келісімен үйді жөндеу жұмыстарына, үй шаруасына кірісіп кетпегеніңіз дұрыс. Жылы суға шайынып, өзіңізге ұнайтын әуендерді тыңдап, кітап оқыңыз. Ал егер күні бойы 7-8 сағат компьютерде отырған болсаңыз, кешке үйге келгенде экраннан назарды басқа жаққа аударып, тамақ істеп немесе аулада серуендеп, жаттығулар жасаған жақсы.

8. Күйзеліске ұшыраудан абай болыңыз. Ол үшін өзіңізге ұнамайтын адамдармен қарым-қатынас жасаудан аулақ болыңыз, жаныңыз қаламайтын шаруамен айналыспаңыз. Көңіл күй үнемі көтеріңкі болу үшін тек жақсы сөз айтыңыз, ойыңызды түзеңіз. Егер күйзеліске түскеніңізді байқасаңыз, мамандардан кеңес алыңыз.

9.Денсаулығыңыз мықты, тәніңіз сымбатты болу үшін міндетті түрде ауыр физикалық жаттығулар жасаудың қажеті жоқ. Күніне жарты сағат таза ауада серуендеп қайтсаңыз да жеткілікті.

10.Егер салмағыңыз артық, не кем болса, оны түзеуге тырысыңыз. Өйткені, бұл да денсаулыққа әсер етеді.

11.Өзіңіздің күн тәртібіңізді жоспарлауды әдетке айналдырыңыз. Бұл сіздің жұмыс уақытыңыз бен демалысыңызды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

12.Қарбалас жұмыс арасында 15-20 минут болса да демалып, орныңыздан тұрып, жүріп, бой жазғаныңыз жөн.

13.Денсаулыққа зиянды жаман әдеттерден арылғаныңыз өзіңізге жақсы. Әрине, ішімдік, шылым секілді зянды әдеттерден бірден бас тарту оңай емес, кейде тіпті мамандардың көмегі де керек болып жатады. Дегенмен, жаман әдеттен арылуға қаншалықты күш салсаңыз, соншалықы денсаулығыңызға пайдалы.

14.Тазалық сақтап жүріңіз. Сырттан үйге кіргенде қол жууға әдеттенген дұрыс. Тісіңізді күніне кемінде 2 рет жуыңыз, күніне бір рет душ қабылдаңыз. Бұл қарапайым әдістер көптеген  инфекциялық аурудан сақтайды.

15. Медициналық  тексерістен уақытылы өтіп тұрыңыз. Сонда кез келген аурудың алдын алуға, ертерек анықтауға мүмкіндік мол. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолын ізде».

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста