Бастауыш сынып оқушылары арасында YIII республикалық «Бастау» математикалық турнирі өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы төменгі сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерте дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау мақсатында Алматы қаласында О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика - математика орта мектеп интернатында жыл сайын төменгі сынып оқушыларының Республикалық «Бастау» математикалық турнирін өткізеді, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы «Дарын» орталығына сілтеме жасап.
Ереже бойынша Турнирге республиканың жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, мектеп интернаттарының 2- 4 сынып оқушылары қатыса алады. Әрбір облыстан, Астана мен Алматы қалалары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім ұйымдары, республикалық білім беру ұжымдары әрқайсысы 2 командадан қатыстыра алады. Әрбір команда құрамына 4 адам, яғни, 3 оқушы және 1 команда жетекшісі кіреді.
Облыстық, Астана және Алматы білім басқармалары, республикалық білім ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім ұйымдары 25 мамырға дейін ұйымдастыру комитетінің атына Турнирдің I, II кезеңдерінің өткізілген қорытынды туралы ақпарат берулері керек.





