"Дарын" орталығы "Тарих ата" байқауын өткізеді

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен X «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді» деп жазады «Алаш айнасы» орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Шарт бойына негізгі мағлұматтар: 1. «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиада екі кезеңде өтеді.
2. Олимпиаданың 1-ші қашықтық кезеңі www.cdo.kz сайтында өткізілмек. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі.
3. 1-ші кезеңінің жеңімпаздары «Балдәурен» РОСО базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) өткізілетін 2-ші (республикалық) кезеңге қатысуға шақырылады деп күтілуде.
4. 1-ші кезеңінің қатысушыларына әр деңгейдегі 30 тапсырма ұсынылады.
5. 1-ші кезең 2015 жылғы 11 наурызда өткізіледі. Тапсырмаларды алу мерзімі (Астана уақытымен):
5-6 сыныптар - 11.00 мен 11.30 7-8 сыныптар - 13.00 мен 13.30; 9-10 сыныптар - 15.00 мен 15.30 аралығында. 6. 1-кезеңнің өту мерзімі - 40 минут. 7. Оқушылар www.cdo.kz сайтында алдын ала тіркелуі қажет.
8. Олимпиаданың 1-ші кезеңінің ұйымдастыру жарнасы бір қатысушыға 350 (үш жүз елу) теңгені құрайды. Төлем www.cdo.kz сайтында көрсетілген әдістер бойынша жүргізіледі.
Олимпиада туралы толық ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz жарияланады.
Сондай-ақ, аталған орталықтың ресми сайтына тіркелу жайлы мағлұматты 8 (7182) 65-29-77, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабаралама жазу арқылы білуіңізге болады.





