"Дарын" орталығы халықаралық конкурс өткізеді

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика жәнематематикадан зерттеу жұмыстарының V Халықаралық конкурс өткізетінін хабарлайды, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.
Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы механика және математика саласында зерттеушілікке, қызығушылық пен қабілеттілік байқатқан дарынды оқушыларды зерттеу мақсатында Әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультет базасында оқушылар арасында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан зерттеу жұмыстарының V Халықаралық конкурсын өткізуді жоспарлауда. Аталған сайыстың негізігі мақсаты – оқушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын жетілдіру, сонымен қатар математика ғылымына қызығушылық танытып, зерттеуге қабілетті оқушыларды анықтауға бағытталып отыр. Конкурсқа республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңінде I, II және III дипломдарымен марапатталып, жеңімпаз және жүлдегерлер атанған оқушылар (11 сыныпта оқитындар) ғана қатыспақшы.
Қорытынды кезеңге әрбір облыс пен Астана және Алматы қалалары, РББҰ және Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ команда құрамына аймақтық кезеңнің жеңімпаздары математика, қолданбалы математика, механика және экономика (әр секциядан 2 жоба, барлығы 8 жоба) секциялары бойынша еңгізілген сұраныс жібере алады.





